ҚДН 0,5-тен жоғары болса: банктер неге несие бермейді?

1584
Фотосурет: ededchechine/freepik.com

Борыш жүктемесінің коэффициенті (БЖК) – Қазақстандағы банктер мен микроқаржы ұйымдары (МҚҰ) қарыз алушының қаржылық жағдайын бағалап,  қарызды мақұлдау немесе қарыз беруден бас тарту туралы шешім қабылдайтын негізгі көрсеткіштердің бірі, деп хабарлайды DKNews.kz.

Кредиторлар үшін БЖК – адамның борыш міндеттемелерін қаншалықты атқара алатынын айқындау тәсілі. Бұл көрсеткіш неғұрлым жоғары болса, қарыз алушының қарыздарын уақытында төлей алмау қаупі соғұрлым жоғары болады. Тиісінше, банктің немесе МҚҰ-ның жаңа қарызды мақұлдау ықтималдығы соғұрлым төмен болады.

Коэффициент қалай есептеледі?

БЖК-ні есептеу үшін кредиттер бойынша ай сайынғы төлемдердің жалпы сомасын қарыз алушының орташа айлық кірісіне бөлу керек.

Есепке мынадай барлық міндетті төлемдер кіреді: ипотека, автокредит, тұтынушылық қарыздар, микрокредиттер, тіпті олардың пайдаланылуы немесе пайдаланылмауына байланыссыз кредит карталары бойынша лимиттер. Бұл ретте соңғы 6 айдағы кіріс есепке алынып, ресми және құжат жүзінде расталған ақша түсімдерін (жалақы, зейнетақы, ДК кірістері және т.б.) қамтиды.

Заңнамада БЖК-нің қандай мәні белгіленген?

Банктер мен МҚҰ-да кредиттер ресімдейтін азаматтар үшін БЖК-нің шекті мәні 0,5-ті құрайды, яғни ай сайынғы төлем қарыз алушының  ай сайынғы кірісінің жартысынан аспауға тиіс.

Жоғары кредиттік жүктеме несімен қауіпті?

Тым жоғары БЖК жаңа кредиттер беруден бас тартуларға, жоғары пайыздық мөлшерлемелерге, мерзімді кешіктіруге және кредиттік тарихтың нашарлауына, сондай-ақ тығырыққа тірелу қаупіне әкеп соқтыруы мүмкін.

БЖК-нің қалай есептелетінін біле отырып, қарыз алуға өтіні беруге алдын ала дайындалуға және қаржы ұйымының шешіміне болжам жасауға болады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -