Батыс Қазақстанның коммуналдық инфрақұрылымы жаңа серпін алады

1254
Фотосурет: Gov

"ЭКСЖ" ұлттық жобасы аясында Қазақстанның батыс өңірлерінің коммуналдық инфрақұрылымына 43 млрд теңгеден астам қаражат инвестицияланады, деп хабарлайды DKNews.kz.

2025 жылғы 11 қыркүйекте Ақтөбе қаласында "Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту" ұлттық жобасын (ЭКСЖ) іске асыруға арналған көшпелі семинар өтті. Іс-шараға Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарының орталық мемлекеттік органдарының, әкімдіктерінің, бизнес-қоғамдастықтары мен қаржы институттарының өкілдері қатысты.

семинар

Семинар аясында ұлттық жобаны іске асырудың негізгі бағыттары, мемлекеттік қолдау тетіктері және өңірлердегі коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту үшін қаржыландыру құралдары ұсынылды.

семинар

ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитеті төрағасының орынбасары Нұрлан Болатбаев, Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің, "Бәйтерек "ҰБХ" АҚ-ның, "ТКШ ҚазОрталығы" АҚ-ның өкілдері және басқа да қатысушылар баяндама жасады.

семинар

ЭКСЖ шеңберінде Ақтөбе облысында 2025-2029 жылдарға жалпы сомасы 18,5 млрд теңгеге инвестициялар жоспарланған. Қаражат облыстың түрлі елді мекендерінде жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін жаңғыртуға бағытталатын болады.

Негізгі жобалар:

  •  "Aqtobe su-energy group" АҚ — 5,2 км жылу желілерін, 2,4 км су құбырлары мен 11,5 км кәріз желілерін күрделі жөндеу, 7 ұңғыманы бұрғылау, 1 КНС қайта құру.
  • "Алға жылу" КМК (Алға қ.) — №2 КСС құрылысы, 2,4 км жаңа кәріз желілерін салу және 10,9 км қолданыстағы кәріз желілерін қайта жаңарту, 2026 жылы — 0,3 км жылу желілері.
  • "Ұлы Борсық" КМК — 2 км жылу желілері мен 4 км кәріз желілерін қайта жаңарту.
  • Ақтөбе облысында инженерлік инфрақұрылымды жаңғыртуға және ТКШ энергия тиімділігін арттыруға 2026 жылы инвестицияның жалпы көлемі шамамен 1,2 млрд теңгені құрайды.
  • Батыс Қазақстан облысында 2025-2026 жылдарға "ЭКСЖ" ұлттық жобасы бойынша 25,1 млрд теңге инвестиция салу жоспарлануда.
  • "Жайықтеплоэнерго" АҚ — 7,5 км жылу желілерін қайта жаңарту.
  • "Батыс су арнасы" ЖШС - 6 км су құбыры және 10 км кәріз.
  • "БҚ АЭК" ЖШС-электр желілерін жаңғырту, сенімділікті арттыру, автоматтандыру жүйелерін енгізу.

семинар

Батыс өңірлерде «ЭКСЖ» ұлттық жобасын іске асыру тұрақты және заманауи коммуналдық инфрақұрылымды құруға, азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға және өңірдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -