ҚР сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Үкімет отырысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады, деп хабарлайды DKNews.kz.
Ол жалпы ӘМАТ бағасын тұрақтандыру бойынша жұмыс ұйымдастырылғанын және бақылауда екенін атап өтті. Апта сайынғы негізде кеңестер өткізіледі, онда әрбір тауар мен өңір бөлінісіндегі мәселелер жедел түрде шешіледі.
Жалпы алғанда, Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бойынша жұмыс ұйымдастырылған және ерекше бақылауда.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға индексі жыл басынан бері 100,8%, тамызда 0%, қыркүйектің алғашқы үш аптасында 0,2%-ға өсті.
«Көкөністерге тамыз айының басынан бері бағаның өсуі орта есеппен 2,5 төмендеді. Картоп шілдеде үш жүз теңге болса, қазір жүз сексен төрт теңгеге түсіп, былтырғы бағадан төмен. Сәбіз екі жүз тоқсан бес теңгеден, жүз тоқсан үш теңгеге, пияз екі жүз жиырма екі теңгеден, жүз отыз жеті теңгеге түсті. Сүт өнімдерінің бағасы жыл басынан бері аздап өсті, орташа есеппен 5,7%-ды құрады. Тұз бен жұмыртқаның бағасын жыл соңына дейін тұрақтандыру үшін отандық өндірушілермен меморандумға қол қойылды. Макарон өнімдері, ұн және күріш бойынша индекс көрсеткіші төмендеген. Баға индексінің өсуіне негізгі үлесті сиыр еті қосып отыр. Соңғы бірнеше жыл ішінде тарифтердің жыл сайынғы өсуіне қарамастан оның құны ұсталып келді. Нәтижесінде оның бағасы көрші елдермен салыстырғанда ең қолжетімді әрі экспортқа тартымды болып отыр», — деді сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев.
Министрдің мәліметінше ішкі нарықты толықтыру үшін 15 мамырдан бастап тірі малды әкетуге тыйым салынды, сонымен қатар ет әкетуді ветеринарлық бақылауды күшейту және сиыр етін экспорттау квотасын тек ет өңдеуші кәсіпорындарға белгілеу жөніндегі ұсыныстар қолдау тапты.
Қосымша сиыр еті бойынша шаруалардан сауда желілеріне ет жеткізуді қамтамасыз ету үшін сауда желілерімен келісімге қол жеткізілді. Ішкі нарықты қамтамасыз ету үшін қажетті көлемді АШМ қамтамасыз етеді. Бұдан бөлек, еліміздің барлық өңірлерінде шаруа қожалықтарына тегін сауда орындарын беру арқылы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өткізілуде. Осы жылдың басынан бері елде 3700 жәрмеңке ұйымдастырылды. Тек өткен демалыс күндері ел бойынша 57 ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізіліп, онда 236 тоннадан астам сиыр еті сатылды. Сонымен қатар министр ішкі және электрондық сауданың субъектілерімен бірлесіп, «БЕРЕКЕ-FEST» акциясын іске қосуды дайындап жатқанын айтты.
Бақылау шаралары аясында және делдалдық схемаларды тергеу жөніндегі комиссияның жұмысы барысында тиімсіз делдалдар анықталып, жойылуда.
Және де ведомство басшысы жыл соңына қарай «Қазақтелекоммен» бірлесіп, өндірушілерді, сауда желілерін және ӘКК-ні тікелей байланыстыратын, делдалдарды алып тастайтын агромаркетплейсті іске қосу қарастырылып жатқанын жеткізді.
«Отандық өнімдерге дүкен сөрелеріндегі қолжетімділікті қамту маңызды. Бүгінгі таңда Заңмен отандық азық-түлік өнімдеріне дүкен сөрелерінің 30%-ын бөлу талабы қойылды. Азық-түлік емес тауарлар бойынша бұл түзетулер мемлекеттік органдармен келісілуде. Сондай-ақ биылдан бастап мемлекеттік қолдау ретінде ішкі сауда субъектілерінің дүкен сөрелерін қосымша 20% отандық тауарлармен қамту шарты беріледі. Бұл ретте “Қазақстанда жасалған” деген жазуды орналастыру міндетті, отандық өндірушілермен келісімшарт жасасудан бас тартқан жағдайда және төлемді уақтылы жүргізбегені үшін жауапкершілік қарастырылған. Және ірі сауда нысандары мен базарлар үшін жылына бір реттен артық емес жалға алуды қайта қарауға шектеу қойылды. Электрондық шот-фактуралар жүйесі арқылы жүргізілген мониторинг қазақстандық әлеуметтік маңызы бар өнімдердің сөрелердегі үлесі 86%-дан асатынын көрсетті. 2025 жылдың 7 айында, агроөнеркәсіп өнімінің экспорты тұрақты өсуді көрсетіп отыр. Өсімдік шаруашылығында ақшалай есептегенде өсім 51%-ды құрады. Оның ішінде бидай (56%) , күнбағыс майы (76%), мал азығы (152%), арпа (94%) және зығыр тұқымы (60%)», — деді министр.
Қазақстандық агроөнеркәсіп өнімдеріне сыртқы сұранысты оң импорттаушы ел құрап отыр. Олар ТМД, Қытай, Еуропа, Таяу Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азия елдері. Осы бағыттар бойынша сыртқы сауда-логистикалық инфрақұрылым қалыптастырылып жатыр.
Оған негізгі серіктес елдердегі ұлттық сауда павильондары, кеңселер мен өкілдіктер кіреді. Экспорттық бағыттарды одан әрі кеңейту үшін биыл Еуропалық Одақ пен Араб Әмірліктері және Моңғолия арасында еркін сауда жүргізу туралы келісімдерге қол қойылды. Сондай-ақ Еуропалық Одақ пен Индонезия арасында да осындай келісім жоспарлануда. Агроөнімдерін дамыту үшін кешенді қолдау құралдары бар. Экспорттық-кредиттік агенттік желісі бойынша дайын ауылшаруашылығы өнімдерін өндірушілерді экспорттық қаржыландыру жұмысы жүргізіліп жатыр.
Жыл басынан бері Агенттік агроөнеркәсіп саласында шамамен 119 млрд теңгеге экспорттаушы-өндірушілерге қолдау көрсетті. Жалпы Агроөнеркәсіп саласындағы портфельде 180 млрд теңге болатын 61 жоба бар. Шағын және орта бизнестің үлесі 69%-ды, орташа және жоғары қайта бөлу үлесі – 87%-ды құрайды. QazTrade желісі бойынша «Экспорттық акселерация» бағдарламасына ерекше көңіл бөлінуде. Осы жылы бағдарламаға агроөнеркәсіп секторынан 11 тауарлық бағытты қамтитын, 40 компания қатысуда. 6 сауда-экономикалық миссия өткізілді, оның қорытындысы бойынша 159,4 млрд теңге болатын агроөнеркәсіп өнімдерін экспорттауға келісімшарттар жасалды.
Май өнеркәсібінің 2026-2028 жылдарға арналған жол картасын әзірлеу аяқталуға жақын. 2027 жылға қарай саланың жылдық айналымы $1 млрд-тан асатын болады және дүние жүзінде үштікке кіретін ең ірі күнбағыс майы компаниясының біріне айналады.