БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-сессиясында Қазақстанның денсаулық сақтау саласындағы бастамалары қаралды

1111
Фотосурет: Gov

БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-ші сессиясы шеңберінде Нью-Йоркте инфекциялық емес аурулардың профилактикасы және оған қарсы күрес, психикалық денсаулық пен әл-ауқатты нығайту бойынша жоғары деңгейдегі кеңес өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Кездесудің тақырыбы: «Әділеттілік пен интеграция: ИЕА-ға қарсы күресте көшбасшылық пен іс-қимыл арқылы өмір мен тіршілікті өзгерту және психикалық денсаулық пен әл-ауқатты нығайту» болды.

Іс-шараға Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова қатысты.

Бүгінгі таңда ИЕА ауыртпалығының артуы үлкен алаңдаушылық туғызады және бүкіл әлемде өлімнің жетекші себептерінің бірі болып қала береді. Қазақстан осындай аурулардың профилактикасы, ерте диагностикалау және емдеу бойынша кешенді шаралар қабылдауда.

Қазақстан жұмысының негізгі бағыттары:

  • пациенттің денсаулық сақтау жүйесімен алғашқы байланыс нүктесі ретінде медициналық-санитариялық алғашқы көмекті дамыту;
  • жүрек-қан тамырлары, онкологиялық және басқа да әлеуметтік мәні бар ауруларды анықтау бойынша ұлттық скринингтік бағдарламалар жүргізу;
  • емдеу міндеттемесін және дәрігер мен пациенттің өзара іс-қимылын арттыратын созылмалы ауруларды басқару бағдарламаларын енгізу;
  • темекіге, алкоголге және энергетикалық сусындарға қол жеткізудің заңнамалық шектеулері, соның ішінде оларды 21 жасқа дейінгі жастарға сатуға тыйым салу;
  • мектептер мен денсаулық сақтау ұйымдарында тұзды, қантты және транс майларды тұтынуды азайту үшін тамақтанудың жаңа стандарты; 1,7 миллионнан астам бала ыстық тамақпен қамтамасыз етілген.

Осы шаралардың арқасында оң өзгерістер байқалды: темекі шегу мен алкоголді тұтыну деңгейі төмендеуде, тұзды шамадан тыс тұтыну азаюда, халықтың физикалық белсенділігі өсуде, көкөністер мен жемістерді тұтыну артуда.

Бұдан басқа, өнімдерге міндетті таңбалауды, фискалдық шараларды және балаларға арналған зиянды өнімдерді жарнамалауға шектеулерді енгізу жалғасуда.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың медициналық-санитариялық алғашқы көмек жөніндегі елдердің жаһандық коалициясын құру жөніндегі бастамасын одан әрі іске асыру МСАК үздік практикалармен алмасуға, саяси қолдауды жұмылдыруға және ИЕА-ның профилактикасы саласына инвестициялар тартуға мүмкіндік береді.

Қазақстан халықаралық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және денсаулық сақтау мен орнықты даму саласындағы жаһандық мақсаттарға қол жеткізуге үлес қосуға ниетті.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -