Шымкенттіктер қоян-қолтық ұрыстан әлем чемпионын әскери оркестрмен қарсы алды

1210
Фотосурет: Gov

Шымкент қаласының әуежайында жастар арасындағы қоян-қолтық ұрыстан әлем чемпионы лейтенант Дархан Жорағұлды салтанатты жағдайда қарсы алды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Жеңімпазды әріптестері, әскери оркестр музыканттары және ұлттық киім киген қыздар дәстүрлі тағамдармен қарсы алып, құрмет көрсетті.

Жастар арасындағы армиялық қоян-қолтық ұрыстан әлем чемпионаты Ақтау қаласында өтті. Оған 23 елдің спортшылары қатысты. 97 келі салмақ дәрежесінде өткен тартысты бәсекеде Дархан Жорағұл алтын медаль иеленді.

Бұл тек менің жеңісім емес. Бұл – командирлерімнің, тәлімгерлерімнің және қызметтестерімнің қолдауының нәтижесі. Маған сенім артып, демеу болған баршаңызға алғысым шексіз, – деді чемпион.

Дархан Жорағұл қоян-қолтық ұрыспен 2020 жылы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлерінің әскери институтында оқып жүргенде айналыса бастады. 2021 жылдан бастап республикалық және халықаралық жарыстарда үнемі жүлделі орындар алып келеді. Оның қоржынында қоян-қолтық ұрыстан әлем чемпионатының, ТМД біріншілігінің, Қазақстан Қорғаныс министрі кубогының және генерал-майор Әубәкір Арыстанбековты еске алуға арналған республикалық турнирдің жеңістері бар.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -