1-4 қазан күндері Алматыдағы Halyk Arena мұз айдынында мәнерлеп сырғанаудан Denis Ten Memorial Challenge сериясының алтыншы халықаралық турнирі өтіп жатыр. Жарысты Қазақстан мәнерлеп сырғанау одағы мен Денис Тен қоры бірлесіп ұйымдастырып отыр. Аталған жарыс 2021 жылдан бастап беделді ISU Challenger Series күнтізбесіне енгізілген, деп хабарлайды DKNews.kz.
Биылғы додаға 18 елден спортшылар қатысуда. Олардың қатарында Қазақстан, Армения, Әзербайжан, Канада, Қытай, Финляндия, Грузия, Италия, Оңтүстік Корея, Швеция, АҚШ, Эстония, Испания және Германиядан келген мәнерлеп сырғанаушылар бар.
Ел намысын 24 спортшы қорғайды. Олардың ішінде Михаил Шайдоров, София Фарафонова, Амира Ирматова, Вероника Коваленко, Бойсангур Датиев, Вероника Ким, Сабина Ботина, Диас Жиренбаев, Анна Санникова және өзге де танымал мәнерлеп сырғанаушылар бар.
Турнирге Этери Тутберидзе, Татьяна Тарасова және Ресей мәнерлеп сырғанау федерациясының бас хатшысы Александр Коган секілді әйгілі жаттықтырушылар мен спорт қайраткерлері де келді.
Көрермендерді жасөспірімдер мен ересектер арасындағы қысқа және еркін бағдарламалар, мұздағы би сайыстары (ырғақты және еркін би), марапаттау рәсімдері мен гала-концерт күтеді.
Denis Ten Memorial Challenge – Қазақстанда жыл сайын өтетін халықаралық турнир. Жарысты Қазақстан мәнерлеп сырғанау одағы мен Денис Тен қоры ұйымдастырады. Жарыс 2014 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері Денис Теннің құрметіне арналады. Алғашқы турнир 2019 жылы өткізілсе, 2021 жылдан бері ISU Challenger Series санатына енгізілген.