«Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы елорда коммуналдық қызметкерлерін біріктірді

1210
Фотосурет: Gov

Астанада дәстүрлі экологиялық айлық – «Таза Қазақстан» акциясы жалғасып жатыр, деп хабарлайды DKNews.kz.

Соның аясында Байқоңыр ауданында жаппай ағаш отырғызу іс-шарасы өтті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Қаладағы коммуналдық ұйымдардың өкілдері – «Астана Су Арнасы» ЖШС, «Астана Теплотранзит» АҚ, «Елорда экосистем» ЖШС және «АРЭК» АҚ қызметкерлері Абылай хан даңғылындағы «Коммуналшылар саябағына» 250 ағаш отырғызды.

Экологиялық сенбілікке 250-ден астам коммуналдық сала қызметкері қатысты.

«Бүгін мұнда бірнеше коммуналдық қызмет бірігіп жұмыс істеп жатыр, әр ұйымнан кемінде 50 адамнан қатысуда. Біз ағаш отырғызып, аумақты тазартып, жайлы орта қалыптастырып жатырмыз.

Көңіл күй көтеріңкі, ал сенбілік соңында қатысушыларға ыстық тағам ұсынылады, өйткені ауа райы салқын», – деді «Астана Су Арнасы» МКК директорының орынбасары Ержан Шәріпов.

Оның айтуынша, мұндай экологиялық акциялар елорданың барлық ауданында өтіп жатыр және олардың мақсаты – қаланың экологиялық ахуалын жақсарту мен жасыл белдеуді кеңейту.

«Бұған дейін біз бұл саябақты абаттандырып, төселмелі тасын жаңарттық, шағын сәулеттік нысандар мен орындықтар орнаттық, стела қойдық. Сол себепті оны «Коммуналшылар саябағы» деп атауды ұйғардық. Бүгін төрт ірі ұйым бірігіп, 250 ағаш – жапырақты және қылқан жапырақты түрлерін, соның ішінде шыршаларды отырғызды. Бұл аудан тұрғындарына жайлы орта қалыптастырып қана қоймай, елорда экологиясына да оң әсер етеді», – деді Байқоңыр ауданы әкімдігінің өндірістік-техникалық бөлімінің басшысы Фархат Жылыбаев.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -