Астанада кәсіподақ қозғалысының мерейтойы спорттық жүгірумен аталып өтті

1012
Фотосурет: Gov

Астанадағы Триатлон саябағында кәсіподақтар қозғалысының құрылғанына 120 жыл, «Таза Қазақстан», «Жұмысшы мамандықтар жылы» тақырыбына арналған жүгіру іс-шарасы ұйымдастырылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Спорттық іс-шараға кәсіподақ жетекшілері мен белсенділері, қала тұрғындары, балалардан жасақталған 1000-ға жуық адам қатысты, деп хабарлайды DKNews.kz.

«Бүгінгі спорттық іс-шара достықтың, ынтымақтастықтың мерекесі деп айтуға болады. Биыл өздеріңіз білетіндей, Жұмысшы мамандықтар жылы аталып өтуілуде. Осы орайда бүгінгі жарысымызға қатысушылардың басым көпшілігі қызметкерлерден құралып отыр. Спорттық жарыстың ерекшелігі – бұған дейін республикамыздағы басқа өңірлерде де осындай жүгірістер өткен болатын. Бүгін шешуші шарамызды Астанада ұйымдастыруды жөн көрдік. Ал жүгірістен түскен қаражатымыз мейірімділік қорына бағытталады», - деді Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин.

Қатысушылар жарыс барысында ересектер 1.6, 5, 10 шақырымға жүгірсе, балалар 400 бен 1 шақырым қашықтықты бағындырды.

Ынтымақтастық жүгірісі Кәсіподақтар федерациясы тарихында екінші мәрте өткізілді. 2024 жылы қатысушылар Ботаникалық бақта атмосферасын сезінсе, биыл қайта жөндеуден өткен Триатлон саябағында қашықтықтарды еңсерді.

«Мен Солтүстік Қазақстан облысы, Тимирязевка ауданынан жүгіруге арнайы келіп отырмын. Білім саласында қызмет етемін. Ауылдық жерде тұрғандықтан, күнделікті жүгіріп, волейбол ойнау арқылы салауатты өмір салтын ұстануға тырысамын. Әлеуметтік желіден бүгінгі жүгірісті көріп, мерекенің бір мүшесі болуды ұйғардым. Бірінші рет ресми спорттық жарыста 10 шақырымды жүгіріп өттім. Барлығы керемет!», - деп Әлия Анапьянова атты қатысушы.

Қашықтықты бағындырған барлық спортшылар марапатқа ие болып, қатысушылар арасында лотерея арқылы сыйлықтар ойнатылды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -