Мүгедектер күніне арналған турнир Астананың ең мықты параспортшыларын жинады

1606
Фотосурет: Gov

Халықаралық мүгедектер күніне орай елордадағы «Алатау» спорт кешенінде пара үстел теннисінен қалалық турнир өтіп жатыр, деп хабарлады Астана әкімдігінің ресми сайты.

Турнирге қатысушылар арасында Қазақстан чемпионатының жүлдегерлері және ITTF Fa20 Astana Para Open 2024 жарысының қатысушысы Жанна Әлиева да бар, деп хабарлайды DKNews.kz.

«Жыл сайын қазан айының екінші жексенбісінде халықаралық мүгедектер күні аталып өтеді. Бұл ретте биыл үстел теннисінен турнир ұйымдастырылып жатыр.

Былтыр шахматтан жарыс өткен болатын. Енді жыл сайын әр спорт түрін қамту жоспарда бар. Бүгінгі турнирде ерлер арасында 30, әйелдер арасында 20 спортшы бақтарын сынайды», - деді елордадағы «Алматы» ауданы әкімінің кеңесшісі Нұрлан Сыздық.

Жүлдегерлер дипломдармен, медальдармен және естелік кубоктармен марапатталады.

Мамандардың пікірінше, қазіргі уақытта елімізде пара үстел теннисі қарқынды дамып келеді. Халықаралық ITTF турнирі Астана қаласында 2 жыл қатарынан ұйымдастырылған болатын.

Кейінгі жылдары Қазақстанда пара спорт түрлерінің саны артып, халықаралық жарыстардағы жетістіктеріміз жаңғырып келеді.

Мысалы, 2021 жылы Токио Паралимпиадасында отандастарымыз 7 спорт түрінен, ал 2024 жылы Париж Паралимпиадасында 9 спорт түрінен бақ сынаған.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -