Қарғыба өзеніндегі су алу құрылысын қайта жаңарту жобасы қайта қолға алынды

1100
Фотосурет: Gov

Су ресурстары және ирригация министрлігі 4 жыл бұрын тоқтап қалған Карғыба өзеніндегі бөгетті реконструкциялау жобасын қолға алды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Су ресурстары және ирригация министрлігі Абай облысы Ақсуат ауданындағы Қарғыба өзенінің бөгетін реконструкциялау жұмыстарын қайта бастады. Бұл жоба 2021 жылы оны әзірлеу кезінде кеткен олқылықтарға байланысты тоқтатылған болатын.

2023 жылы жобалау-сметалық құжат қайта қаралып, түзетулер енгізу басталды. Қазір нысанда құрылыс-монтаж жұмыстары жүріп жатыр. Жоспар бойынша, жұмыстар келесі жылдың сәуір айының соңына дейін аяқталады.

Бүгінгі таңда үш су қақпағы мен бұрандалы көтергіштер алынып, қайта орнатылды. Бөгеттің су таситын бөлігінде арматуралық торлар толық орнатылып, бетон құю жұмыстарының 90 пайызы аяқталған. Сонымен қатар өзеннің жоғарғы бөлігі лай мен тұнбадан тазартылып, қосалқы бөгет тұрғызылып жатыр. «Қазақстан» магистральды каналының су алу нысанында да жөндеу жұмыстары қатар жүргізілуде.

«Бұл жобаның мақсаты – «Жаңа-Тоған» каналына суды тиімдірек жеткізу, өзен түбіндегі лай мен шөгіндінің суға араласпауын қамтамасыз ету және балықтардың қырылуының алдын алу. Ал магистральды канал мен ондағы құрылыстарды жөндеу судың дұрыс бөлінуіне, ысыраптың азаюына және суды үнемдеп пайдалануға мүмкіндік береді» Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -