Астанадағы «Таза Қазақстан»: Сарайшық ауданында 500-ден астам ағаш отырғызылды

1320
Фотосурет: Gov

«Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» ауқымды экология акциясы аясында өтіп жатқан жалпы қалалық сенбілік барысында елордаданың «Сарайшық» ауданында 500-ден аса ағаш отырғызылды, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.

«Сарайшық» ауданындағы сенбілікке ардагерлер, жастар, мәслихат депутаттары, «Жас Қыран» ұйымының мүшелері, белсенді ұзақ өмір сүру орталығының зейнеткерлері қатысты, деп хабарлайды DKNews.kz.

«Жалпы, экологиялық айлық аясында «Сарайшық» ауданында 4 000 түп ағаш отырғызу жоспарлануда. Жыл соңына дейін ауданымызда 10 мыңнан аса түп ағаш жəне 20 мың бұта отырғызылады.

Астана күннен-күнге көркейіп, жасыл қалаға айналып келеді.

Бүгінгі іс-шара экологияға қосқан үлкен үлесіміз болмақ», - деді «Сарайшық» ауданының әкімі Мақсат Саматұлы.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -