Қазақстан су ресурстары мәселелері бойынша өңірлік ынтымақтастықты нығайтуда

1705
Фотосурет: Gov

Тәжікстан Энергетика және су ресурстары министрінің бірінші орынбасары Джамшед Шоди Шоимзода Қазақстанда Су ресурстары және ирригация министрлігінің құрылуы Орталық Азиядағы су мәселелерін бірлесіп шешуге серпін бергенін айтты, деп хабарлайды DKNews.kz.

Сарапшының пікірінше, өңір елдерінің бірлескен күш-жігері биылғы аптап ыстықтың салдарын барынша азайтуға мүмкіндік берді.

«Қазақстанда су және ирригация саласына арнайы жауапты министрліктің құрылғаны қуантады. Қазір біз әлдеқайда жиі кездесеміз, өзара байланысымыз бұрынғыдан да тығыз. Себебі себебі тек бірлесіп талдау арқылы ғана судың тапшылығы мен қуаңшылықтың салдарын азайтуға бағытталған дұрыс және тиімді өңірлік шешімдер қабылдай аламыз. Биыл біз осы ынтымақтастықтың нақты нәтижесін көрсетіп, бірлесе әрекет ету арқылы қуаңшылықтың әсерін барынша азайттық», – деді Тәжікстан Энергетика және су ресурстары министрінің бірінші орынбасары Джамшед Шоди Шоимзода.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -