Қазақстанда ауыл шаруашылығының тұрақты өсуі жалғасуда

1617
Фотосурет: Gov

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов Үкімет отырысында Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығын дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысы туралы баяндады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Ол биылғы 9 айда ауыл шаруашылығының жалпы өнімі көлемінің өсуі 4,4%-ды құрағанын, ал жоспар бойынша бұл көрсеткіш 2,3% болғанын атап өтті. Мұндай өсім егін шаруашылығындағы өндіріс көлемінің 5,2%-ға, мал шаруашылығында 3,4%-ға ұлғаюы есебінен болып отыр.

«Биыл аграршыларға мемлекет тарапынан бұрын-соңды болмаған қолдау көрсетіліп, агротехнологиялармен толық көлемде қамтамасыз етуге мүмкіндік жасалды, бұл өз кезегінде өткен жылмен салыстырғанда саладағы өндірістің өсуін қамтамасыз етті», — деп атап өтті Азат Сұлтанов

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -