Air Astana әуе паркін жаңа Airbus A321neo ұшағымен толықтырды, деп хабарлайды DKNews.kz.
Air Astana әуекомпаниясы Германияның Гамбург қаласындағы зауыттан тікелей жеткізілген жаңа Airbus A321neo ұшағын қабылдап алды. Бұл Air Astana компаниялар тобының флотындағы осы үлгідегі алтыншы әуе кемесі. Қазіргі таңда топтың жалпы әуе паркі 62 ұшақтан тұрады.
Air Astana әуе паркі заманауи Airbus және Boeing ұшақтарынан құралған, бұл рейстердің тиімділігі мен сенімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Әуе саласындағы жалғасып жатқан сын-қатерлерге қарамастан, компания тұрақты өсу стратегиясы аясында ұшақ паркін жүйелі түрде жаңартып, кеңейтіп келеді. 2029 жылға қарай Air Astana тобы өз әуе паркін 84 ұшаққа дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр.