Қазақ ғалымдары жасанды интеллект элементтері бар әскери жобаларды таныстырды

1034
Фотосурет: Gov

Астанада Қарулы күштердегі цифрлық трансформация мәселелері талқыланды, деп хабарлайды DKNews.kz.

ҚР Ұлттық қорғаныс университетінде Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы декларацияның қабылдануының 35 жылдығына және Президенттің елдің ұлттық цифрлық трансформациясы жөніндегі тапсырмасының орындалуына арналған ведомствоаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Симпозиумға Парламент депутаттары Ғалиасқар Сарыбаев, Сұлтан Дүйсембинов, Болат Керімбек, университет басшылығы, профессорлық-оқытушылар құрамы, магистранттар мен докторанттар қатысты. Кездесу барысында баяндамашылар Қазақстан егемендігінің тарихи және идеологиялық аспектілерін, одан өзге әскердегі цифрлық трансформация мәселелерін талқылады.

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында адамзат қауіпсіздігіне, оның ішінде жасанды интеллект негізінде әрекет ететін аса қауіпті қару-жарақтарды қолдану арқылы қауіп-қатердің мүлдем жаңа түрлерінің пайда болуы туралы айтқан болатын. Сондықтан біздің миссиямыз жаңа технологиялар мен барынша ақпаратты талдауды меңгерген жаңа буын офицерлері мен мамандарын даярлау" ҚР Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы (PhD) философия докторы генерал-майор Асқар Мұстабеков

Үзіліс кезінде Парламент депутаттарын ҚР Ұлттық қорғаныс университетінің ғалымдары мен мамандары әзірлеген жобалармен таныстырды. Ғылыми форумға қатысушылар цифрландыру, инновациялар және жасанды интеллект Қарулы күштердің жауынгерлік әзірлігі мен жауынгерлік қабілетін қамтамасыз етудің негізіне айналатынын атап өтті.

Конференция форматы оларға сындарлы түрде пікір алмасуға және қазіргі заманғы сын-тегеуріндер мен қауіп-қатерлер туралы пікірталастың өзектілігін, армияны интеллектуализациялау мәселелерінің ғылыми және маңыздылығын негіздеуге мүмкіндік берді.

Конференцияға қатысушылар да идеологиялық және ақпараттық кеңістіктің жаһандануы, қызметтің барлық салаларын цифрландыру тұрғысында озық технологияларды меңгерген жоғары білікті әскери кадрларды даярлау басым міндет екенін атап өтті.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -