Заңнамада «ұйымдасқан қылмыс» ұғымы жоқтығынан кәсіпкерлер зардап шегіп отыр – Бизнес-омбудсмен

1617
Фотосурет: depositphotos

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Қ.И. Нұров Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі О.А. Бектеновке «ұйымдасқан қылмыстық топ» (ҰҚТ) ұғымын айқындауға қатысты қылмыстық заңнамаға өзгерістер енгізу жөніндегі өз ұсыныстарын жолдады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қазақстанда кәсіпкерлердің ҚР Қылмыстық кодексінің (ҚР ҚК) 262-бабы бойынша іс-қимылдарын саралау кезінде ҰҚТ құру, басшылық ету және оған қатысу үшін қылмыстық жауаптылықты көздейтін құқықтық белгісіздік проблемасы сақталады.

Бұл жағдай Қылмыстық кодексте «ұйымдасқан қылмыстық топ» ұғымының болмауымен байланысты. Ал «ұйымдасқан топ» және «қылмыстық топ» ұғымдарының анықтамалары нақты айқындалмаған. Осы анық еместіктің салдарынан бұл үш термин іс жүзінде синоним ретінде қолданылып жүр. Нәтижесінде экономикалық немесе өзге де қылмысқа қатысқан кез келген адамдар тобы қылмыстық топ ретінде еркін түрде сараланып, кейіннен ол автоматты түрде және тұспалдап «ұйымдасқан қылмыстық топпен» (ҰҚТ) теңестіріледі.

Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты (ҚР КС) бұл мәселенің бар екенін растады және өз Нормативтік қаулысында Үкіметке қылмыстық заңнамаға өзгерістер енгізуді, ал Жоғарғы Сотқа (ҚР ЖС) – коммерциялық ұйымдар персоналының ресми қызметін және ұйымдасқан қылмыстық топтың (ҰҚТ) заңсыз қызметін ажыратудың нақты өлшемшарттарын әзірлеу мақсатында сот тәжірибесін қорыту жөнінде тікелей ұсыным берді.

ҚР ҚК-нің 262-бабының ережелері ҚР ҚК-нің қазіргі қолданыстағы түсіндірмелерімен өзара байланыста құқық қолдану практикасының тәуекелін туғызатынын атап өтті, онда коммерциялық ұйымдардың басшылары мен қызметкерлері экономикалық қылмыстар жасағаны үшін ғана емес, сонымен қатар ҰҚТ құрғаны, басшылық еткені немесе қатысқаны үшін жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Экономикалық құқықбұзушылықтарды қылмыстық-құқықтық тұрғыдан бағалаудағы заңсыздықтың ауқымын Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Құқықтық статистика комитеті растап отыр. Тергеу органдары 2023–2024 жылдары ҚК-нің 262-бабы бойынша қылмыс құрамы болмағандықтан, қылмыстық істердің 83%-ын тоқтатқан. Прокуратура органдары 2020–2023 жылдар аралығында ҚК-нің 262 және 264-баптары бойынша қаралған істердің 50%-ында «қылмыстық топ құрамында қылмыс жасау» белгісін алып тастаған. Соттар 2020–2023 жылдары ҚК-нің 216 және 262-баптары жиынтығы бойынша, яғни жалған шот-фактуралар жазу істерінде, 47% жағдайда 262-бапты іс материалдарынан алып тастаған.

«Кәсіпкерлерден маған келіп түсетін өтініштердің талдауы көрсеткендей, ҚК-нің 262-бабы іс жүзінде бизнеске қысым жасау тетігі ретінде қолданылып, кәсіпкерлерді өздеріне тағылған экономикалық құқықбұзушылықтар бойынша кінәсін мойындауға мәжбүрлеу құралына айналған». Ал Мемлекет басшысы 2023 жылғы Жолдауында-ақ “құқық қорғау органдары тарапынан кәсіпкерлерді негізсіз қылмыстық қудалау тәжірибесіне нүкте қою қажет” деп атап өткен еді» Қанат Нұров

ҚР КС-ның құқықтық ұстанымдарын ескере отырып, Бизнес-омбудсмен бұл мәселені шешу мақсатында Премьер-Министрдің атына бастама көтерді. Ұсыныс «ұйымдасқан қылмыстылықтың» жалпыға белгілі белгілерін нақтылау арқылы ҰҚТ ұғымын айқындауға бағытталған. Атап айтқанда, ҰҚТ — бұл жеке тұлғалардың бейресми бірлестігі болып табылады, ол заңсыз кірістерді алу және заңдастыру мақсатында қылмыстық, көлеңкелі және өзге де бизнес түрлеріне күшпен бақылау орнату арқылы жоғары деңгейде ұйымдасқан әрі тұрақты бандиттік қызметті кәсіби түрде жүзеге асырады.

Сонымен қатар, экономикалық құқықбұзушылықтың адамдар тобы тарапынан жасалуының өзі ғана Қылмыстық кодекстің 262-бабы бойынша әрекеттерді саралауға негіз бола алмайтыны заңмен белгіленуі қажет.

Жақында қабылданған ҚК-нің 31-бабының 6-бөлігі, ол ҚР ҚК осы Нормативтік қаулысы шықпай тұрып-ақ Мәжіліс бастамашы болған норма болса да, Конституциялық Сот атап көрсеткен құқықтық мәселесін шешпейді. Себебі бизнесті ҰҚТ құрамында айыптау жеке тұлғалардың ҰҚТ құрудағы арнайы қылмыстық ниетіне емес, жалпы қылмыстық мақсатқа тәуелді етілген және ол кәсіпорынды заңды тұлға ретінде қамтиды.

Егер бизнес тарапынан қылмыстық ниет болған жағдайда да, оның иелерін, басшылығын және қызметкерлерін ұйымдасқан қылмыстық топтың (ҰҚТ) мүшелері ретінде саралауға болмайды, егер олардың кәсіби қылмыстық топтың заңсыз, күш қолдану арқылы олардың бизнесін бақылап отырғанын және оған өз еркімен мүше болғанын дәлелдейтін айғақтар болмаса. Тіпті заңды түрде жұмыс істейтін бизнес те ҰҚТ тарапынан қылмыстық әріптестікке мәжбүрленуі мүмкін.

Бұған дейін Бизнес-омбудсмен ҰҚТ белгілеріне қатысты өзінің Нормативтік қаулысына түзетулер енгізу туралы ұсынысты Жоғарғы Сотқа да жолдаған болатын, алайда әзірге ешқандай жауап алған жоқ. Бұл мәселелер енді Премьер-Министрге жолданған өтіністе де көрініс тапқан. Премьер-Министр оларға жедел түрде әрекет етіп, барлық мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің жетекшілігімен ведомствоаралық деңгейде жан-жақты пысықтауды тапсырды.

Хатқа сілтеме:

https://ombudsmanbiz.kz/details/ndownload.php?fn=113&lang=rus

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -