Батыс Қазақстан облысында өзгенің банктік шоттарын басқарумен айналысқан қылмыстық схема әшкереленді

946
Фотосурет: Максим Золотухин/DKNews.kz

ҚМА Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті банктік шотты заңсыз иеленіп, оны басқару арқылы рұқсат етілмеген төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде, деп хабарлайды DKnews.kz.

Ұйымдастырушылар уақытша табыс табу ретінде жастарға екінші деңгейлі банктерден өз атына шот ашуды ұсынған.

Интернет-банкингтің мобильді қосымшалары орнатылғаннан кейін шоттарға кіру қылмыскерлердің бақылауына өткен.

Мұндай әрекеттерге қатысқан тұлғалар – «дропперлер» 200-ден 350 АҚШ долларына дейін сыйақы алып отырған.

Олардың атына ашылған шоттар арқылы интернет-алаяқтық құрбандарынан түскен қаражат аударылып отырған.

Заңсыз айналымдағы қаражаттың жалпы көлемі 17 млн теңгеден астқан.

Эпизодтардың бірінде банктік картасы бұғатталғаннан кейін бір дроппер заңсыз әрекеттерге қатысудан бас тартқан.

Қылмыстық топтың қатысушылары оны күштеп ұстап, қорқытып, шотқа қайта кіруді қалпына келтіруді талап еткен.

Қазіргі уақытта ұйымдастырушы күдікті ретінде танылып, соттың санкциясымен қамауға алынған.

Тергеу жалғасуда.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкесөзге ақпарат жария етілмейді.

Еске салсақ, 2025 жылғы 16 қыркүйектен бастап Қылмыстық кодекске банктік шотқа, төлем құралына немесе сәйкестендіру құралына заңсыз қолжетімділікті беру, тарату не иелену үшін жауапкершілікті белгілейтін232-1-бап енгізілді.

Бұл бап мүлкін тәркілей отырып, 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын көздейді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -