Қазақстанда XX ғасырдың сирек басылымдары мен библиографиялық құралдары таныстырылды

913
Фотосурет: Gov

Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында «Ұлттық библиографияны дамыту: тәжірибе, заманауи технологиялар мен интеграция мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Іс-шара Ұлттық кітапхананың 115 жылдығына, Міржақып Дулатұлының 140 жылдығына және Роза Бердіғалиеваның 80 жылдығына орай ұйымдастырылды.

Конференция барысында Міржақып Дулатұлының «Қазақ тілінде басылған кітаптардың көрсеткіші (1926–1927)», «Қазақстан библиографиясы мен кітапхана ісі», сондай-ақ «Ұлттық кітапхана қорындағы дәстүрлі картотекалық ақпараттар (1921–2001): библиографиялық шолу анықтамалығы» атты маңызды еңбектерінің таныстырылымы өтіп, библиографиялық құндылығы талқыланды. Сонымен қатар салалық тәжірибе алмасу, заманауи технологияларды енгізу және халықаралық кәсіби ынтымақтастықты дамыту мәселелері қарастырылды.

Іс-шара аясында «Ғасырлық жол: қазақ библиографиясының шежіресі» атты көрме ұйымдастырылды.

Конференцияға еліміздің және шетелдің жетекші библиографтары, кітапхана саласының мамандары, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен жас зерттеушілер қатысты.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -