Қазақстан Президентінің архивінде Астанадан келген жас зерттеушілерге экскурсия ұйымдастырылды

638
Фотосурет: ҚР Президентінің Архиві

ҚР Президентінің Архиві мектеп оқушыларын архив құжаттары арқылы ел тарихымен таныстыруды жалғастыруда. Биылғы аптада «АрхивSPACE» жобасына Астана қаласындағы №7 мектеп-гимназиясының оқушылары қатысып, тарихи материалдарды көріп, архивтің жұмыс үдерісімен жақыннан танысу мүмкіндігіне ие болды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Экскурсия барысында балалар Президент Архивінің қызметімен, құжаттарды сақтау және өңдеу тәсілдерімен танысты, тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу кезеңін бейнелейтін түпнұсқа материалдарды көрді. Сонымен қатар, олар Қазақстан Республикасының Конституциясына 30 жыл толуына арналған көрмеге қатысып, мамандардың тарихи құжаттарды қалпына келтіру және сақтау үшін қолданатын заманауи технологиялары туралы білді.

«Бүгін Президент Архивіне экскурсияға қатысып, өзім үшін көп жаңалықтарды білдім. Алған білімім болашақта маған пайдалы болады деп ойлаймын. Ұйымдастырушыларға алғысым шексіз», - деді 9-сынып оқушысы Берік Айдын.

Айта кетейік, «АрхивSPACE» жобасы апталық экскурсиялар мен 2026 жылдан бастап архив ісі бойынша модульдік сабақтар өткізу бағытында дамып келеді. Жоба іске қосылғаннан бері ҚР Президентінің Архиві 230-ден астам оқушыны қабылдады және жобаның танымалдығы күннен күнге артуда.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -