Алматыда «Иммундық-жанама аурулар: пациенттердің тәжірибесі және медицинаның, қоғамның және мемлекеттің диалогы арқылы емдеуге көзқарастар» атты медиа-кездесу өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.
Іс-шараға дәрігерлер, пациенттік ұйымдардың өкілдері, фармацевтикалық индустрия мамандары және БАҚ қатысты. Олар псориаз, псориаздық артрит және қабынбалы ішек аурулары (ҚІА) сияқты созылмалы иммундық-жанама аурулары бар пациенттердің өмір сапасын бірлескен күш-жігер арқылы қалай жақсартуға болатынын талқылады.
Сарапшылардың айтуынша, бүгінде Қазақстанда диспансерлік есепте псориаз диагнозы бар шамамен 7 000 пациент тіркелген, ал қабынбалы ішек аурулары бар шамамен 10 000 адам мамандардың бақылауында. Сонымен қатар, мамандардың атап өтуінше, жеткіліксіз диагностика мен медициналық көмекке кеш жүгіну салдарынан нақты көрсеткіштер бұдан едәуір жоғары болуы мүмкін.
Әрбір иммундық-жанама аурудың артында диагнозын жылдар бойы іздеп, сенімсіздік пен қорқынышқа тап болатын адам тұр. Псориаз, псориаздық артрит және қабынбалы ішек аурулары (ҚІА) сияқты дерттер пациенттердің өмірін түбегейлі өзгертеді. Олар тек емдеуді ғана емес, сонымен қатар түсіністік, қолдау және дұрыс ақпаратты талап етеді.
Иммундық-жанама аурулар – иммундық жүйе ағзаның өз жасушаларын зақымдай бастап, ұзаққа созылатын жүйелі патологияларға айналатын дерттер. Қазіргі емдеу әдістері ауруды бақылауға алып, пациенттердің өмір сапасын жақсартуға мүмкіндік береді, алайда ерте диагностика мен емге қолжетімділік шешуші рөл атқарады. Сондықтан алғашқы белгілер пайда болған кезде пациент қайда жүгіну керектігін және Қазақстанда қандай емдеу мүмкіндіктері бар екенін білуі аса маңызды», – деді «Медициналық университет Астана» КЕАҚ дерматовенерология және дерматокосметология кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Дерматовенерология және дерматокосметология қауымдастығының Президенті, Астана қаласының бас штаттан тыс дерматовенерологы Гүлнар Батпенова.
Созылмалы диагнозбен өмір сүретін адамдардың дертпен оңаша қалмауына қолдау көрсетіп жүрген, диагноз қойылған кезден ремиссия кезеңіне дейінгі күрделі жолдан өздері өткен пациенттік қауымдастық өкілдері өз тәжірибелерімен бөлісті.
«Жүйелі қызыл жегі сияқты аутоиммундық дертке шалдыққан кезімде, қажетті ақпараттың тым аз екеніне көзім жетті. Сондықтан пациенттерге дұрыс мәлімет тауып, қолдау сезініп, үмітін жоғалтпауға мүмкіндік беру мақсатында LUPUS Kazakhstan қорын аштым. LUPUS Kazakhstan аутоиммундық аурулары бар пациенттерге көмек көрсету қорының негізін қалаушы Жанна Базарованың айтуынша, қордың волонтерлері пациенттерді дұрыс бағыттап, оқу-ағарту шараларын ұйымдастыруға көмектеседі, сондай-ақ заңгерлік, психологиялық және әлеуметтік көмек көрсетуге жәрдемдеседі.
Іс-шараның ұйымдастырушысы Johnson & Johnson Kazakhstan компаниясы болып, денсаулық сақтау жүйесінің барлық қатысушылары арасындағы тұрақты диалогтың маңыздылығын атап өтті.
«Ақпараттандыруды арттыру – емдеуге тең қолжетімділікке жасалған маңызды қадам. Пациенттер қайда жүгіну керектігін білген кезде, олар уақытты да, үмітті де жоғалтпайды. Сондықтан Johnson & Johnson дәрігерлер, пациенттер және мемлекет арасындағы диалогты дамытуды денсаулық сақтау жүйесін жақсартудың ажырамас бөлігі деп санайды», – деді ТМД елдері нарықтары бойынша директор, Johnson & Johnson Innovative Medicine өкілі, «Johnson & Johnson Kazakhstan» ЖШС-ның бас директоры Әділет Назарбаев».
Көп жағдайда псориаз немесе ҚІА-ның алғашқы белгілері байқалған адамдар қай маманға жүгіну керектігін және денсаулық сақтау жүйесінде қандай көмек кезеңдері барын білмейді. Пациенттер өз бағытын дұрыс түсініп, қажетті емді жылдамырақ алу үшін сарапшылар пациенттерге ұсынылатын бағыттармен бөлісті.
Псориазбен ауыратын пациенттің бағыты:
Егер сізде теріде қышыну, қабыршақтану, қызару пайда болса, зақымдану аумағына қарамастан, сізге қажет:
|
1 |
Жалпы практика дәрігері (ЖПД), терапевт |
Тіркелген емханаға барып, терапевтке немесе жалпы практика дәрігеріне жүгініп, тар бейінді маманға жолдама алу. |
|
2 |
Емханадағы дерматолог |
Емханада дерматолог маманы бар болса, ол ары қарай тексеру және емдеу тактикасын анықтайды. |
|
ТВД (тері-венерологиялық диспансердің) дерматологы |
Сіз терапевттен/ЖПД-дан тері-венерологиялық диспансерге дерматологқа ары қарай тексерілу үшін жолдама ала аласыз немесе өз өңіріңіздегі ТВД-ға тікелей жүгіне аласыз. |
|
|
3 |
Тексеруден өті |
Дерматолог сіздің нақты клиникалық жағдайыңызбен танысады және диагнозды нақтылау үшін қажет болған жағдайда тексерулер тағайындай алады. |
|
4 |
Псориаз диагнозын растау |
Диагноз расталғаннан кейін псориаздың көрініс дәрежесіне қарай сізге тиісті терапия тағайындалады. |
|
5 |
Жеңіл дәрежелі псориаз кезінде |
Тері зақымдануының аумағы шағын, бөртпелер бірен-саран және шектеулі болуы мүмкін, алайда бет, бас терісі, жыныс мүшелері, алақан, табан және тырнақтардың зақымдануы жоқ. |
|
Орташа және ауыр дәрежелі псориазкезінде |
Тері зақымдануының айтарлықтай аумағы, псориаздың пациенттің өмір сүру сапасына елеулі әсері байқалады, бет, бас терісі, жыныс мүшелері, алақан, табан және тырнақтар зақымдалуы мүмкін, сондай-ақ буындардың зақымдалуы қосылады. |
|
|
6 |
Емі: - жеңіл дәрежелі псориаз анықталған кезде |
Топикалық терапия: майлар, кремдер, фототерапия және басқа да дәрі-дәрмектер. |
|
- орташа және ауыр дәрежелі псориаз анықталған кезде |
Псориаздың орташа және ауыр дәрежелерінде жүйелі терапия тағайындау қажеттілігі қарастырылады. Бұл қосымша тексерулерден өтуді және тар бейінді мамандардың консультацияларын қамтиды: фтизиатр (туберкулезді жоққа шығару), ревматолог (буын зақымдануын жоққа шығару) және қажет болған жағдайда басқа да мамандар. Осыдан кейін дәрігерлік-кеңес комиссиясы (ДКК) өткізіледі. |
|
|
7 |
Дәрігерлік-кеңес комиссиясы (ДКК) |
Терапияны таңдау жөнінде кешенді шешім қабылдау үшін дәрігерлік комиссия қажет, өйткені бұл — ішек, буындар және басқа да ағзалар зақымдалуы мүмкін иммундық-қабынбалы ауру. |
|
8 |
Жүйелі терапия тағайындау |
Дәрігерлік-кеңес комиссиясы алынған деректердің негізінде жүйелі немесе биологиялық терапия тағайындайды** Аталған емдеу шараларының толық кешені тұрғылықты жері бойынша бекітілген емхана арқылы МӘМС жүйесі бойынша қамтамасыз етіледі. |
Барлық кезеңдерден кейін өз емдеуші дәрігеріңіздің бақылауында тұрақты болуыңыз қажет:
*терапияның тиімділігін бағалау үшін тексерулерден уақытылы өтіп тұру
**псориаздың өршуін бағалау мақсатында дәрігерлік-кеңес комиссиясының қорытындысы жыл сайын жаңартылып отырады.
Қабынбалы ішек аурулары бар пациенттің бағыты:
|
1 |
Жалпы практика дәрігері, терапевт |
Тіркелген емханаға барып, терапевтке немесе жалпы практика дәрігеріне жүгіну, инфекциялық немесе басқа да себептерді жоққа шығару үшін тексерілу. Жалпы қан талдауы, СРА (С-реактивті ақуыз) тесті, нәжістегі кальпротектин талдауы. Тар бейінді маманға жолдама алу. |
|
2 |
Көрсеткіштер бойынша ауруханаға жатқызу |
Терапиялық немесе хирургиялық бөлімше. |
|
3 |
Гастроэнтеролог кеңесі |
Илеоколоноскопия (ішекті ішінен зерттеу) және гистологиялық зерттеулер. |
|
4 |
Диагноз қою |
Ойық жаралы колит немесе Крон ауруы, ауырлық дәрежесін бағалау арқылы. |
|
5 |
Терапия |
Ауырлық дәрежесіне байланысты терапияны тағайындау және бақылау, жүргізіліп жатқан емнің тиімділігін және ықтимал жағымсыз құбылыстарды бағалау үшін емдеуші дәрігердің тұрақты бақылауы. |
Johnson & Johnson Kazakhstan салалық мамандарды, пациенттік қауымдастықтарды және еліміздің әр өңірінен келген журналистерді біріктіре отырып, кешенді жұмыс жүргізуде. Мұндай бастамалар қоғамның созылмалы аурулар туралы хабардарлығын арттыруға және жан-жақты диалогты дамытуға бағытталған, сол арқылы пациенттердің қажетті көмекті дер кезінде алуына және қолдауға ие болуына мүмкіндік береді.
Johnson & Johnson компаниясында біз денсаулықты ең басты құндылық деп санаймыз. Денсаулық сақтау саласындағы қуатты инновацияларымыз күрделі аурулардың алдын алуға, оларды тиімді емдеуге және жазуға мүмкіндік беретін әлем құруға жол ашады. Емдеу әдістері барған сайын тиімдірек әрі аз инвазивті болып, ал шешімдер – неғұрлым жекелендірілген сипатқа ие болуда.
Инновациялық медицина (Innovative Medicine) мен медициналық технологиялар (MedTech) саласындағы біздің құзыреттілігіміз денсаулық сақтау үшін кең ауқымды шешімдерге инновациялар енгізуге бірегей мүмкіндік береді. Бүгінде енгізіліп жатқан осы жаңалықтардың арқасында ертең медицинада серпілістерге қол жеткізіп, адамзат денсаулығына айтарлықтай оң әсер ете аламыз.