Халықаралық еріктілер жылы: Қазақстан БҰҰ-мен ынтымақтастықты кеңейтуде

792
Фотосурет: Gov

Астанада Халықаралық волонтерлер жылы қарсаңында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдері БҰҰ Волонтерлер бағдарламасы (UNV) делегациясымен кездесті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Кездесуде волонтерлік саладағы ынтымақтастықты кеңейту, тәжірибе алмасу және Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған бастамаларды ілгерілету мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ толық қаржыландыру бағдарламасы аясында БҰҰ-ның халықаралық жобаларына қатысып жүрген қазақстандық еріктілерге арналған бағыттар және бірлескен бағдарламалардың жаңа форматтары, соның ішінде білім беру бастамалары қарастырылды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар бірлескен жұмысты жалғастыруға дайын екендерін білдірді.

Айта кетейік, Халықаралық волонтерлер жылының ресми ашылуы 5 желтоқсанда Нью-Йорктегі БҰҰ Бас штаб-пәтерінде өтеді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -