Халықаралық мүгедектігі бар адамдар күніне арналған қоғамдық іс-шарасы өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.
2025 жылдың 5 желтоқсанында Абай облысының Семей қалалық Мәдениет сарайында «Ақ ұлпа аналары» қоғамдық бірлестігі, «Мейірім құшағы» ұйымының төрайымы, «Ауыл» партиясының мүшесі Сүлейменова Анар Әбетайқызының бастамасымен, «Абай облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасымен» бірлесіп, «Халықаралық мүгедектігі бар адамдар күніне» арналған ауқымды қоғамдық іс-шара өткізілді.
Іс-шара аясында, қоғам өміріне белсенді атсалысып жүрген мүгедектігі бар азаматтарға, әлеуметтік сала мамандарына және еріктілерге Алғыс хаттар, Мадақтамалар табысталды. Сонымен қатар, қатысушыларға ұлттық нақыштағы естелік сыйлықтар және қаржылай Сертификаттар тапсырылды.
Айта кетейік,2025 жыл Қазақстан Республикасында Еңбек мамандықтары жылы деп жарияланғаны атап өтіліп, осы бағытта аймақтың дамуына ерекше үлес қосқан, кәсіби табыстарымен және қоғамдық белсенділігімен танылған мүгедектігі бар еңбек адамдары да арнайы марапатталған болатын.
Шара барысында, концерттік нөмірлер қойылып, қатысушыларға жылы лебіздер білдірілді. Іс-шара достық пен қолдау нышанында өтіп, ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға құрмет көрсетудің, қоғамда инклюзия мен теңдік қағидаттарын нығайтудың маңызды бір үлгісін танытты.
Шара сондай-ақ мемлекеттік құрылымдар мен қоғамдық ұйымдар арасындағы өзара серіктестік пен әлеуметтік әріптестікті күшейтуге бағытталды.
Іс-шараның мақсаты — әлеуметтік әлсіз топтарды қолдау, бала денсаулығы мен қорғанысына назар аударту, мейірім мен жанашырлық құндылықтарын қоғамда барынша дәріптеу.