«Ұлы даланың қолөнершілер керуені» Қазақстан өңірлерінен келген шеберлерді біріктірді

1210
Фотосурет: Gov

Елордадағы Astana Mall сауда-ойын сауық орталығында «Ұлы дала қолөнершілер керуен көші» республикалық жәрмеңкесі өтіп жатыр, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.

«Тәуелсіздік күніне орай «Ұлы дала қолөнершілер керуен көші» жәрмеңкесін ұйымдастырып отырмыз, деп хабарлайды DKNews.kz.

Мұндағы мақсат – отандық қолөнершілердің басын қосу, олардың жасаған дүниелерін көпшілікке ұсыну, ұлттық өнердің дамуына серпін беріп, қолөнер шеберлерін қолдау және тұрғындарға ерекше этномәдени атмосфера сыйлау. Сатылымға шығарылған дүниелердің бағасы – көпшілікке қолжетімді. Сондай-ақ жәрмеңке аясында ерекше қажеттіліктері бар балалар сән көрсетілімін өткізеді.

Мақсат – оларды қоғамға бейімдеу. Бүгін басталған жәрмеңке үш күнге жалғасады», – деді ҚР «Хас Шебер» отандық өнімді дамыту қауымдастығының президенті Зиуар Жұманова.
Мұнда Қарағанды, Қостанай, Қызылорда секілді облыстардан 100-ге жуық қолөнерші келген.

Олардың біреуі ойыншық, енді бірі әшекей бұйымдарын елорда тұрғындары мен қонақтарына ұсынып отыр.

«Бұл жәрмеңкеге Көкшетаудан келіп отырмын. Осы іспен 5 жылдан бері айналысамын.

Негізінен бұл – пандемия уақытында хоббиден басталған кәсіп. Қазақи оюлармен өрнектелген тақия тігемін, қыз-келіншектерге арналған әшекей-бұйымдар жасаумен шұғылданамын.

Бастысы бұл іс маған ұнайды. Жасаған дүниелерімді әлеуметтік желі арқылы және жәрмеңкелерде сатамын», – деді Жібек Сұлтанова.
Жәрмеңке сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін болады.

Мұнда келушілер еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған шеберлердің қолынан шыққан бірегей бұйымдарды көріп, ұлттық өнердің жандануына куә бола алады.

Қала тұрғындары мен қонақтары үшін кіру тегін.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -