Астанада спорт пен әлеуметтік бастамалар арқылы инклюзияны нығайту жұмыстары жүргізілуде

1430
Фотосурет: Gov

Астанада «Қамқорлық пен Заң» жобасы аясында спорттық турнир өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Іс-шара Халықаралық мүгедектігі бар адамдар күніне байланысты ұйымдастырылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жарыстың негізгі мақсаты мүмкіндігі шектеулі жандар мен жұмысшылар арасындағы ынтымақтастық пен өзара түсіністікті нығайту.

Турнирге прокуратура қызметкерлері, сондай-ақ тірек-қимыл аппараты, есту және көру қабілеті зақымданған қатысушылар қатысты.

«Бұл шараны ұйымдастырудағы мақсатымыз – дамыған елдердегідей мүгедектігі бар адамдардың құқықтары басқа азаматтармен тең екенін көрсету. Біздің елімізде де олар – қоғамның толыққанды мүшелері. Ең бастысы – оларды қолдау, қорғау және жұмысшылармен арадағы ынтымақтастықты нығайту», – деді «Елорда» спорт клубының басшысы Хаиитдин Жарқынбек.

Сарыарқа ауданы прокуратурасының бөлім басшысы Закарин Тарханның айтуынша, құқық қорғау қызметкерлері ерекше жандарды тек қадағалау ғана емес, осындай шаралар арқылы оларды қоғамға бейімдеуге де атсалысады.

Турнир барысында жолдастық матчтармен қатар асық ату, тоғызқұмалақ, футзал және үстел теннисінен жарыстар өтті.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы сыйлықтармен марапатталды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -