TONIA-ға байланған облигациялар: Қазақстанның Даму Банкі қорландыру көздерін әртараптандырады

1122
Фотосурет: © Sputnik / Владислав Воднев

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ («Бәйтерек» холдингінің еншілес құрылымы, бұдан әрі – ҚДБ, Банк) тоғызыншы облигациялық бағдарламасы аясында Қазақстан қор биржасында (KASE) облигациялардың 3 және 4 шығарылымдарын табысты орналастырды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Орналастырудың жалпы көлемі 55 150 789 мың теңгені құрады. Облигациялар TONIA Compounded (Tenge OverNight Index Average) индексіне негізделген өзгермелі купондық мөлшерлемемен 10 жыл мерзімге шығарылды.

Аталған облигациялар корпоративтік бағалы қағаздар және тартылған қаражат «Алматы ЖЭО-2-ні қоршаған ортаға әсерін барынша азайта отырып жаңғырту» және «Алматы ЖЭО-3-ті қайта жаңарту» жобаларын қаржыландыруға бағытталады. Бұл жобаларды «Алматы электр станциялары» АҚ іске асыруда.

Қаржылық кеңесшілер әрі ірі қаржы институттары ретінде «Sky Bridge Invest» АҚ, «BCC Invest» АҚ, «Halyk Finance» АҚ және «Alatau City Invest» АҚ қатысты.
Аталған мәміле жергілікті инвесторлар тарапынан Банктің қаржы құралдарына деген жоғары нарықтық қызығушылықты айқындап, ҚДБ-ның қорландыру көздерін әртараптандыру стратегиясын іске асырудағы маңызды қадамға айналды.

– Инвесторлар сұранысының жоғары болуы ҚДБ қаржы құралдарына және біз жүзеге асырып отырған жобаларға жергілікті инвестициялық қауымдастықтың зор сенімін көрсетеді. Тартылған қаражат стратегиялық маңызы бар инфрақұрылымдық бастамаларды қаржыландыруға бағытталып, Банктің орнықты даму қағидаттарына адалдығын айқындайды әрі Қазақстан экономикасын дамытудағы негізгі институт ретіндегі ұстанымын нығайта түседі, – деп атап өтті ҚДБ Басқарма төрағасы Марат Елібаев.

Инвесторлар тарапынан түскен сұраныс күтілген деңгейден асып, өтінімдер кітабы орналастыру көлемінен 1,6 еседен астамға артық болды. Инвесторлар бойынша бөлініс құрылымында екінші деңгейлі банктердің үлесі – 56,21%, ал брокерлік ұйымдардың үлесі – 43,79% құрады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -