ТЖМ реанимобилі Шет ауданындағы автожолдарда жұмысын бастады

3146
Фотосурет: Gov

ҚР ТЖМ трассалық медициналық-құтқару пункті жаңа реанимобильмен толықты, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қарағанды облысының Шет ауданында өңірдегі алғашқы арнайы жедел медициналық көмек және реанимация көлігінің трассалық медицина-құтқару қызметіне тапсырылу салтанаты өтті.

Жаңа реанимобиль Шет ауданының автожолдарында пайдаланылады және жол-көлік оқиғалары мен жолдағы басқа да төтенше жағдайларға жедел әрекет етуге арналған.

Автомобиль заманауи медициналық құрал-жабдықтармен жабдықталған және зардап шеккендерге оқиға орнында жедел және реанимациялық көмек көрсетіп, олардың жағдайын тұрақтандырып, кейіннен жедел жәрдем бригадаларына немесе медициналық ұйымдарға тапсыруға арналған.

Сонымен қатар, жол бойында орналасқан трассалық медицина-құтқару пунктіне кез-келген жолаушылар мен жүргізушілер мен жолаушылар да көмек ала алады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -