Экология мен цифрландыру: Алматыда жалпықалалық эко-челлендж басталды

2519
Фотосурет: Gov

Алматы қаласында балалар мен жасөспірімдердің экологиялық мәдениетін арттыруға, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға және цифрлық шығармашылық дағдыларды дамытуға бағытталған «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында жалпы қалалық экологиялық челлендж басталды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қала оқушылары арасында экологиялық ағартушылықты күшейту мақсатында электронды экологиялық ашықхаттар жасауға арналған «Экологиялық калейдоскоп» жалпы қалалық онлайн-челленджі өткізілуде. Бастамаға Алматы қаласындағы білім беру ұйымдарының 1–11 сынып оқушылары қатысуда.

Челлендждің негізгі мақсаты – білім алушылардың экологиялық жауапкершілігін қалыптастыру, экологиялық сауаттылық деңгейін арттыру, цифрлық және шығармашылық құзыреттерін дамыту, сондай-ақ табиғатты қорғау идеяларын кеңінен насихаттау.

Челлендж аясында оқушылардың қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды сақтау мәселелеріне назарын аудару, олардың креативті және цифрлық дағдыларын дамыту, экологиялық жауапты мінез-құлықты ілгерілету міндеттері жүзеге асырылмақ.

Қатысушылар графика, коллаж және анимация форматтарында электронды экологиялық ашықхаттар дайындайды. Жұмыстарда қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды сақтау, қалдықтарды бөлек жинау, су мен энергияны үнемдеу, сондай-ақ «Таза қала – қауіпсіз болашақ» тұжырымдамасы сияқты тақырыптық бағыттар қамтылады.

Челлендж бірнеше кезеңнен тұрады. Ақпараттық кезеңде білім беру ұйымдарында қатысу шарттары түсіндіріледі. Шығармашылық кезеңде оқушылар электронды экологиялық ашықхаттар әзірлейді. Челлендж-эстафета кезеңінде дайын жұмыстар әлеуметтік желілерде #ЭкологиялықКалейдоскоп, #ЭкоАлматы, #ТазаҚазақстан хэштегтерімен жарияланады. Қорытынды кезеңде ең белсенді қатысушылар мен үздік жұмыстардың авторлары марапатталады.

Аталған челленджді өткізу оқушылардың экологиялық санасын арттыруға, шығармашылық әлеуетін дамытуға және қоршаған ортаға жауапты қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -