Мұғалімнің көмекшісі ретіндегі жасанды интеллект: елорда мектебінің тәжірибесі

2013
Фотосурет: Gov

Астана қаласындағы Әлімхан Ермеков атындағы №38 мектеп-лицейінде білім беру үдерісіне жасанды интеллект негізіндегі жаңа әлеуметтік платформа енгізілді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Бұл бастаманың авторы – информатика пәнінің мұғалімі, педагог Нұрхат Плалов.

Жаңа платформа жасанды интеллект көмегімен оқушылардың сабақ басталар алдындағы көңіл күйін анықтауға мүмкіндік береді.

Жүйе оқушылардың психологиялық ахуалын талдап, олардың білім алуға дайындығы мен оқу үдерісіне деген ынта-жігерін бағалайды.

Бұл өз кезегінде мұғалімге сабақ барысын тиімді жоспарлауға және әр оқушыға жеке көзқараспен қарауға жол ашады.

Платформаның басты артықшылығы – қолжетімділігі мен қарапайымдылығы.

Оқушыға жүйеге кіріп, өз көңіл күйін белгілеу үшін бар болғаны бір минут уақыт жеткілікті.

Жиналған деректер автоматты түрде өңделіп, жалпы сыныптың немесе жекелеген оқушылардың эмоционалдық жағдайы туралы нақты ақпарат береді.

Жобаның мақсаты – тек технологияны қолдану емес, ең алдымен оқушылардың психологиялық жай-күйіне көңіл бөлу. Себебі оқушының көңіл күйі оның сабаққа деген қызығушылығы мен оқу нәтижесіне тікелей әсер етеді.

Осы тұрғыда жасанды интеллект мұғалім мен оқушы арасындағы байланысты нығайтатын тиімді құралға айналып отыр.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -