Жасанды интеллект журналисті алмастыра ала ма, әлде ол редакциялық жұмыста тек ыңғайлы құрал болып қала ма Технологиялық көмектің шекарасы қай жерде аяқталып, дезинформация көзіне айналады Бұл сұрақтар дезинформациямен күрес орталығының жаңа шығарылымында көтерілді, онда қазіргі медиадағы жасанды интеллекттің рөлі туралы әңгімеге өзгеше формат ұсынылды, деп хабарлайды DKNews.kz.
Тақырып генеративті технологиялардың қарқынды таралуы және адам қатысуынсыз жасалатын контент көлемінің артуы аясында ерекше өзекті болып отыр.