Елордада «Urban» колледжінің студенттерімен кездесу өтіп, онда елдегі экологиялық ахуал, тұрмыстық қалдықтарды басқару және пластикті қайта өңдеу мәселелері талқыланды. Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайты хабарлады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Іс-шараны елордалық қосымша білім беру жөніндегі оқу-әдістемелік орталық ұйымдастырды. Кездесудің басты мақсаты – жастар арасында жауапты тұтыну мәдениетін қалыптастыру.
Студенттерге қалдықтарды азайту жолдары түсіндірілді
Кездесу барысында спикерлер қалдықтарды азайту, оларды сұрыптау және қайта өңдеу бағытындағы тәжірибелерімен бөлісті.

Мамандар экологиялық жауапкершілікті арттыру үшін тұрмыстық қалдықтарды дұрыс басқарудың маңызы зор екенін атап өтті.
Көрме мен викторина ұйымдастырылды
Ресми бөлімнен кейін студенттер үшін арнайы викторина ұйымдастырылды.

Сонымен қатар көрме өтіп, онда қайта өңделген материалдардан жасалған түрлі бұйымдар таныстырылды және қалдықтарды қайта қолданудың нақты мысалдары көрсетілді.
Мұндай іс-шаралар жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастырып, табиғатты қорғау мәселелеріне деген қызығушылығын арттыруға бағытталған.