27 наурызда Қазақстанда Дүниежүзілік театр күні атап өтіледі. Бұл дата ел үшін театр қызметкерлерінің кәсіби мерекесі ғана емес, сонымен қатар театр өнерінің жүйелі дамуын, көрермен қызығушылығының артуын және отандық театрлардың шығармашылық белсенділігінің кеңеюін көрсететін маңызды күн болып саналады, деп хабарлайды DKNews.kz.
Қазақстандағы театрлар саны мен қызметі
Бүгінде елде 70-тен астам театр жұмыс істейді, оның 57-сі мемлекеттік:
- 11 – республикалық театрлар
- 46 – өңірлік театрлар
Бұл көрсеткіштер театр өнерінің Қазақстан мәдени өміріндегі елеулі орнын айқындайды.
Мысалы, 2025 жылы мемлекеттік театрларда:
- 410 жаңа қойылымның премьерасы өтті
- 539 гастрольдік сапар ұйымдастырылды (495 Қазақстан ішінде, 44 шетелде)
- Жыл бойы барлығы 16 мың қойылым сахналанып, оларды 2 832 835 көрермен тамашалады
Театр фестивальдері мен марапаттар
Театр саласының дамуы тек қойылымдармен емес, түрлі фестивальдердегі жетістіктерімен де бағаланады.
- 2025 жылы қазақстандық театр қайраткерлері 101 халықаралық және 90 республикалық фестиваль мен байқауға қатысты
- Нәтижесінде 13 қойылым «Гран-при» және «Ең үздік спектакль» номинациялары бойынша марапат алды
2026 жылдың бірінші тоқсаны
- Республикалық театрлар 170 927 адамға қызмет көрсетті
- Бұл көрермен сұранысының тұрақтылығы мен аудитория қызығушылығының жоғары екенін дәлелдейді
- Жыл басынан бері премьераға шыққан спектакльдер:
- «Қорғансыз»
- «Қазақи комедия немесе Бонапарттың үйленуі»
- «Шолпанның күнәсі»
Дүниежүзілік театр күніне арналған шаралар
2026 жылы мерекеге орай бірқатар премьералар мен арнайы іс-шаралар жоспарланған:
- «Астана Балет» театрында – «Болеро Х» спектаклі
- Михаил Лермонтов атындағы театрда – «Женитьба (совершенно невероятное сновидение)» комедиясы
- Құддыс Қожамияров атындағы Ұйғыр музыкалық комедия театрында – «Бунт невесток» («Келіндер көтерілісі») спектаклі
- «Altyn Saqa – 2026» – жаңа қойылымдар фестивалі
- Ғабит Мүсірепов атындағы театрда – «Театр түні» шарасы
Осылайша, Дүниежүзілік театр күні Қазақстанда театр өнерін дәріптеу мен көрермендерді жаңа премьералармен таныстыруға арналған маңызды мәдени оқиғаға айналып отыр.