2026 жылдың басынан бері Skills Enbek кәсіптік оқыту платформасында 36,1 мың азамат, оның ішінде шамамен 16,7 мың жұмыссыз онлайн-курстардан өтіп, сертификат алды. Платформада барлығы 1,3 млн-нан астам қазақстандық тіркелген, оның 56,8 мыңы – осы жылы, деп хабарлайды DKNews.kz.
Жұмыссыздар мен жастардың белсенділігі
Оқуды аяқтаған жұмыссыздардың басым бөлігі 16–35 жас аралығындағы жастар:
- Шымкент қаласы – 2 172 адам
- Ақтөбе облысы – 2 125 адам
- Түркістан облысы – 1 446 адам
- Қызылорда облысы – 1 342 адам
- Қостанай облысы – 1 304 адам
Курстар мен бағыттар
Платформада 581 курс жарияланған, оның 395-і тегін. Курстардың ұзақтығы 2-ден 72 сағатқа дейін. Сонымен қатар, оқу платформасынан Fluent Education және Яндекс Қазақстан серіктестерінің курстарына ауысу мүмкіндігі бар.
2026 жылғы қаңтар-наурыз айларында сертификаттар саны ең көп берілген курстар:
- «Кассир» – 4 047 сертификат
- «Қаржылық сауаттылық курсы» – 1 994 сертификат
- «Денсаулығы бойынша қиындықтары бар адамдарға көмек көрсету курсы» – 1 422 сертификат
- «Әлеуметтік жұмысқа кіріспе» – 426 сертификат
Платформаның мүмкіндіктері
- Білім алушы оқудың қарқынын, тілін және материалды алу әдісін дербес таңдай алады
- Оқу процесін бақылау, курсты бағалау және сертификат алу мүмкіндігі бар
- Сертификат Enbek.kz жүйесінде автоматты түрде түйіндемеде көрсетіледі
- Жасанды интеллект негізіндегі чат-бот сұрақтарға жауап береді
- Курстарды мәтін, презентация, бейне, аудио, инфографика сияқты әртүрлі форматта алу мүмкіндігі бар
- Қосымша ерекше қажеттіліктері бар білім алушыларға бейімделген
Авторлар мен әзірлеушілер үшін құралдар
- Сабақ құрастыру және жарияланған курстардың статистикасын қарау
- Сертификаттарды әртүрлі дизайнда жасау
- Онлайн-калькулятор арқылы оқу құнын алдын ала есептеу
- Enbek мобильді қосымшасы арқылы курстарды өту мүмкіндігі
Байланыс
Платформаға тіркелу және жұмыс істеуге қатысты барлық сұрақтар бойынша «ЕРДО» АҚ жауапты қызметкерлерімен байланысуға болады: 8 (7172) 95 43 17 (ішкі: 441, 888).