Жылына 120% өсіммен қарыз берген: Қостанайдағы атышулы іске сот үкім шығарды

737
Анастасия Ким Редактор
Фотосурет: коллаж DKNews.kz/AI-generated

Қостанайда қарапайым қарыз беру қызметінің тасасында миллиардтаған теңге айналымы болған заңсыз схема әшкереленді.

Тергеу мәліметінше, лицензиясыз жұмыс істеген жергілікті тұрғын ондаған азаматқа аса жоғары пайызбен қарыз беріп, кейін оларды өздері үшін тиімсіз шарттарға қол қоюға мәжбүрлеген, деп хабарлайды DKNews.kz.

Сот үкімімен оның мүлкі тәркіленіп, бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Қаржылық мониторинг агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті заңсыз микрокаржылық қызмет пен қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру фактісі бойынша қозғалған іс бойынша сот үкімі шыққанын хабарлады.

Лицензиясыз несие беріп, әлеуметтік желі арқылы клиент іздеген

Тергеу барысында күдіктінің заңнамада көзделген лицензиясыз мүлікті кепілге қою арқылы қарыз беру қызметін ұйымдастырғаны анықталған.

Клиенттерді тарту үшін OLX пен Instagram платформаларында жарнамалар жарияланып отырған.

Ең алаңдатарлығы – ол қаржылық қиындыққа тап болған, сондай-ақ екінші деңгейлі банктерден несие ала алмаған азаматтарды нысанаға алған. Оларға жылдық мөлшерлемесі 120 пайызға дейін жететін қарыздар берілген.

Шарттағы сома қолдан өсірілген

Тергеу материалдарына сәйкес, нотариус арқылы рәсімделген келісімшарттарда қарыздың нақты көлемі емес, алдын ала есептелген сыйақы, ресімдеу шығындары мен түрлі төлемдер енгізіліп, қарыз сомасы негізсіз ұлғайтылған.

Іс материалдарындағы мысалдардың бірі мұндай схеманың қалай жұмыс істегенін көрсетеді.

Бір жәбірленуші шын мәнінде 9 миллион теңге алған. Алайда құжатта оған 14 миллион теңге қарыз берілгені көрсетілген. Кейін тараптар арасында 18 миллион теңге көлеміндегі тағы бір келісімшарт рәсімделгенімен, бұл ақша азаматтың қолына мүлде берілмеген.

Соның салдарынан кейін сот шешімімен жәбірленушіден 26 миллион теңге өндірілген.

Елуден астам адам зардап шеккен

ҚМА мәліметінше, заңсыз қаржылық схеманың салдарынан 50-ден астам азамат өздері үшін тиімсіз несие міндеттемелеріне тартылған.

Тергеу деректеріне сәйкес, күдіктінің қылмыстық жолмен алған жалпы кірісі 1 миллиард теңгеден асқан.

Сот қандай үкім шығарды?

Сот үкімімен айыпталушы 2 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды.

Сонымен қатар мемлекет кірісіне қылмыстық табысқа сатып алынған мына мүліктер тәркіленді:

  • төрт пәтер;
  • екі жер учаскесі;
  • Mercedes-Benz G500;
  • Dodge RAM 1500;
  • Hyundai Santa Fe автокөліктері.

Қазіргі уақытта сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Как разместить агитационные материалы политическим партиям на DKNews.kz

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -