Билеттер үш күнге арзандайды.
FlyArystan күзгі-қысқы маусымға арналған дәстүрлі акциясын бастады: 20% жеңілдік әуе компаниясының бағыттарының басым бөлігіне қолданылады, алайда билетті тек 2026 жылғы 2-4 қыркүйек аралығында сатып алуға болады, деп хабарлайды DKNews.kz.
Арнайы ұсыныс 2026 жылғы 1 қазаннан 2027 жылғы 1 наурызға дейінгі сапарларға арналған, деп хабарлады FlyArystan.
20% жеңілдік бағыттардың басым бөлігіне беріледі
Акция FlyArystan-ның Қазақстан ішіндегі және халықаралық рейстерін қамтиды. Тек Ақтау – Дубай – Ақтау бағыты жеңілдік бағдарламасына кірмейді.
Жолаушылар үшін басты шектеудің бірі — билетті сатып алу мерзімі ғана емес. Акция бірнеше жоғары сұраныс кезеңінде қолданылмайды:
- 2026 жылғы 24 қазаннан 1 қарашаға дейін;
- 2026 жылғы 25 желтоқсаннан 2027 жылғы 5 қаңтарға дейін.
Демек, жеңілдік күз бен қыстың едәуір бөлігін қамтығанымен, мерекелік және сұраныс жоғары күндерде акциямен билет алу мүмкін болмайды.
Билеттерді FlyArystan әуе компаниясының ресми сайтынан және мобильді қосымшасынан сатып алуға болады.
20% жеңілдік билеттің тарифтік бөлігіне ғана есептеледі
Акцияның тағы бір маңызды шарты бар. 20% жеңілдік билеттің тарифтік құнына ғана қолданылады. Қосымша қызметтер үшін жолаушы бөлек төлейді.
Жеңілдік мына қызметтерге жүрмейді:
- тіркелетін багаж;
- ұшақтағы орынды таңдау;
- тамақ;
- өзге қосымша қызметтер.
Сондықтан жолаушы ақылы қосымша опцияларды таңдаса, сапардың соңғы құны акциядағы билет бағасынан жоғары болуы мүмкін.
FlyArystan-ның стандартты тарифіне салмағы 7 келіге дейінгі бір қол жүгі кіреді. Оның көлемі 56 × 23 × 36 сантиметрден аспауы тиіс.
Арзан билетті алуға небәрі үш күн берілді
Күзгі-қысқы распродажа 2 қыркүйекте басталып, 2026 жылғы 4 қыркүйекте аяқталады. Ал акция арқылы сатып алынған билеттермен сапарды 2027 жылғы 1 наурызға дейін жоспарлауға мүмкіндік бар.
Компанияның күзгі-қысқы бағыттарында Қазақстан ішіндегі рейстермен қатар Қытай, Өзбекстан, Грузия және БАӘ бағыттары да бар.
Бұған дейін біз FlyArystan-ның Алматы мен Үргеніш арасындағы рейстерге билет арзандатқанын жазған едік.