Қазақстанда мемлекеттік сатып алу рәсімдері жеделдеді. Нарық көлемінің ұлғаюы мен конкурс мерзімдерінің қысқаруы кәсіпкерлерден айналым қаражатын сақтай отырып, қаржылық қамтамасыз етуді жылдам рәсімдеуді талап етеді, деп хабарлайды DKNews.kz.
ҚР Қаржы министрлігінің мәліметінше, мемлекеттік сатып алудың бірыңғай цифрлық платформасында 18 мыңға жуық мемлекеттік тапсырыс беруші мен 120 мың белсенді өнім беруші тіркелген.
Мемлекеттік сатып алу нарығы 53%-ға өсті
2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстандағы мемлекеттік сатып алу көлемі 8,1 трлн теңгеге жетті. Бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 5,3 трлн теңгені құраған еді. Бір жылдың ішінде нарық көлемі 2,8 трлн теңгеге ұлғайды.
Сонымен қатар сатып алу рәсімдерінің мерзімі едәуір қысқарды. 2025 жылғы 1 қаңтарда мемлекеттік сатып алу туралы жаңа заң күшіне енгеннен кейін әдеттегі конкурс өткізу мерзімі 60 күнтізбелік күннен 10 күнге дейін қысқарды. Ал рейтингтік-балдық жүйе қолданылатын конкурстар бес жұмыс күні ішінде өткізіле бастады.
Мұндай жағдайда кәсіпкерлер үшін құжаттар мен қаржылық қамтамасыз етуді жедел рәсімдеу ерекше мәнге ие. Сонымен бірге алдағы келісімшарттарды орындауға жеткілікті айналым қаражатын сақтау қажет.
Кепілзатсыз 100 млн теңгеге дейін
Банк кепілдіктері кәсіпкерлерге өз қаражатын ақшалай қамтамасыз ету ретінде енгізбей-ақ, тапсырыс беруші алдындағы міндеттемелерін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Мемлекеттік сатып алудың әртүрлі кезеңінде кепілдіктің үш негізгі түрі қолданылады:
- Тендерлік кепілдік — конкурсқа қатысушының міндеттемелерін қамтамасыз етеді.
- Шарттың орындалу кепілдігі — жасалған келісімшарт бойынша міндеттемелерді қамтамасыз етеді.
- Демпингке қарсы кепілдік — өнім беруші ұсынған бағаға қатысты заңнамада белгіленген демпингке қарсы талаптар қолданылған жағдайда беріледі.
Бұл қаржы құралы шағын және орта бизнес үшін айрықша тиімді болуы мүмкін. Кепілзатсыз банк кепілдігін рәсімдеу кезінде кәсіпкерге мүлкін кепілге қоюдың немесе өз қаражатын бұғаттаудың қажеті жоқ. Бос қаражатты шикізат, тауар, жабдық сатып алуға және басқа да ағымдағы шығындарға жұмсауға болады.
2026 жылы Halyk Bank цифрлық өнімдер қатарын кеңейтіп, квазимемлекеттік сектордың сатып алу алаңына арналған шарттың орындалу кепілдігін және мемлекеттік сатып алуға арналған кепілзатсыз цифрлық демпингке қарсы кепілдікті іске қосты.
Бір цифрлық кепілдіктің ең жоғары сомасы 100 млн теңгені құраса, бір клиентке берілетін жиынтық лимит 200 млн теңгеге жетеді.
Halyk Bank ұсынатын шарттарға сәйкес, шарттың орындалуы мен демпингке қарсы цифрлық кепілдіктерді шығару комиссиясы ҚҚС-ты қоса алғанда, кепілдік сомасының 6%-ын құрайды. Ең төменгі комиссия — 7,2 мың теңге.
Қазақстан банктері қандай шарттар ұсынады?
Бірнеше қазақстандық банк мемлекеттік сатып алуға қатысушыларға банк кепілдіктерін ұсынады. Алайда олардың лимиттері, кепілзатқа қойылатын талаптары мен рәсімдеу тәсілдері әртүрлі.
Банк ЦентрКредит шарттың орындалуын қамтамасыз ететін кепілзатсыз электрондық кепілдіктерді жеке кәсіпкерлерге 50 млн теңгеге дейін, ал жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге 100 млн теңгеге дейін ұсынады. Демпингке қарсы кепілдіктер бойынша лимит тиісінше 20 млн және 30 млн теңгені құрайды. Өнімді рәсімдеу үшін банк бөлімшесіне бару қажет.
Freedom Bank кепілдіктің екі түрін де қамтамасыз ету талабымен 300 млн теңгеге дейін ұсынады. Рәсімдеу үшін банк бөлімшесіне жүгіну керек.
ForteBank шарттың орындалуын қамтамасыз ететін кепілзатсыз кепілдіктерді 100 млн теңгеге дейін қашықтан рәсімдеуге мүмкіндік береді. Мұндай кепілдіктер Altyn Bank пен Bereke Bank өнімдерінің қатарында да бар.
Halyk Bank ұсынысының ерекшелігі — кепілзаттың талап етілмеуі, рәсімдеудің толықтай онлайн жүргізілуі және дайын кепілдіктің сатып алу порталына автоматты түрде жіберілуі.
Банк кепілдігін 5–10 минутта алуға болады
Halyk Bank-те цифрлық кепілдікті рәсімдеу үшін банк бөлімшесіне барудың қажеті жоқ. Барлық рәсім Onlinebank мобильді қосымшасы немесе интернет-банкингтің веб-нұсқасы арқылы жүргізіледі.
Өнім беруші бірнеше қарапайым әрекетті орындауы жеткілікті:
- Банк кепілдіктері бөлімін ашу;
- Қажетті кепілдік түрін таңдау;
- Сатып алу немесе жасалған шарттың нөмірін енгізу;
- Электрондық өтінімге қол қою;
- Сатып алу порталындағы жеке кабинетте шығарылған кепілдікті қабылдау.
Жүйе міндеттемелердің сомасы мен орындалу мерзімін автоматты түрде жүктейді. Кепілдік 5–10 минут ішінде шығарылады.
Цифрлық тендерлік кепілдіктер тәулік бойы қолжетімді. Ал шарттың орындалуы мен демпингке қарсы кепілдіктер сағат 07:00-ден 22:00-ге дейін рәсімделеді.
Кепілзатсыз банк кепілдігін кімдер ала алады?
Қашықтан рәсімдеу мүмкіндігі кәсіпкерлерді банк талаптарынан босатпайды.
Негізгі талаптар қатарында салық берешегінің, атқарушылық іс жүргізу бойынша қарыздардың болмауы және мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізілімінде тіркелмеу бар.
Заңды тұлғаның тіркелгеніне кемінде алты ай толуы тиіс. Үш айдан алты айға дейінгі мерзімде тіркелген компаниялар да қаржылық айналымы болған жағдайда кепілдік алуға өтінім бере алады.
Конкурс өткізу мерзімі бес жұмыс күніне дейін қысқарған кезде қаржылық қамтамасыз етуді бірнеше минутта рәсімдеу кәсіпкерлерге бәсекелестік артықшылық береді. Өнім беруші тапсырыс берушінің талаптарын уақытылы орындап, өз қаражатын келісімшарт бойынша міндеттемелерді орындауға жұмсай алады.
Бұған дейін біз Қазақстанда жасанды интеллект көмегімен мемлекеттік сатып алудан жыл сайын 200 млрд теңгеге дейін үнемдеу көзделіп отырғаны туралы жазған едік.