Бір жылқының жоғалуы төрт қылмыстың ашылуына себеп болды

287
Анастасия Ким Редактор

Ұрланған малды өздерінікі деп өткізген. Түркістан облысында полицейлер төрт мал ұрлығының бетін ашты. Мал иелеріне келтірілген жалпы шығын 2 млн теңгеден асты, деп хабарлайды DKNews.kz.

Polisia.kz мәліметінше, мал ұрлығына қатысы бар деген күдікпен екі жергілікті тұрғын ұсталды.

Бір жылқының ұрлануы төрт қылмыстың бетін ашты

Шардара ауданының тұрғыны қорасынан жылқысы жоғалғанын айтып, полицияға арызданған.

Тәртіп сақшылары жақын маңдағы елді мекендерді аралап, куәгерлерден жауап алды және бейнебақылау камераларының жазбаларын зерттеді. Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде екі күдікті ұсталды.

Тергеу барысында олардың тағы үш мал ұрлығына қатысы болуы мүмкін екені анықталды. Полиция мәліметінше, ауыл тұрғындарының екі жылқысы, бір бұзауы және үш қошқары ұрланған.

Ұрланған малды ет қабылдау орындарына өткізген

Тергеу нұсқасы бойынша, күдіктілер ұрланған малды өздерінікі ретінде көрсетіп, ет қабылдау орындарына тапсырған.

Полицейлер заттай дәлел ретінде малдың терілерін тәркіледі. Мал иелеріне келтірілген жалпы шығын 2 млн теңгеден асты.

Екі күдікті де қамауға алынды. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Полиция олардың басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеруде.

Бұған дейін Түркістан облысында мал ұрлығының алдын алу мақсатында автожолдардағы мал тасымалына бақылау күшейтілгенін жазған едік.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -