Қазақстан құрамасы жеңісті сериясын жалғастырды. Алматыда өтіп жатқан әйелдер арасындағы гандболдан Азия чемпионатында ұлттық құрама Үндістанды жеңіп, әлем чемпионатына жолдама алу үшін күресін жалғастыруда, деп хабарлайды DKNews.kz.
Қазақстандық гандболшылар топтық кезеңнің екінші кездесуінде Үндістан құрамасынан 33:27 есебімен басым түсті.
Турнирдің алғашқы матчында Қазақстан Австралия құрамасын жеңген болатын.
Келесі қарсылас – Өзбекстан
Қазақстан құрамасы 25 қарашада В тобындағы кезекті кездесуін Өзбекстанға қарсы өткізеді.
Қатарынан екі жеңіске жеткен қазақстандық спортшылардың ендігі мақсаты – топтық кезеңдегі сәтті нәтижесін жалғастыру.
Әлем чемпионатына төрт жолдама беріледі
Алматыдағы Азия чемпионаты 3 желтоқсанда аяқталады. Турнир қорытындысы бойынша үздік төрт құрама 2027 жылы Венгрияда өтетін әлем чемпионатына жолдама алады.
Кездесу нәтижесін Қазақстанның Ұлттық Олимпиада комитеті ресми түрде жариялады.
Бұған дейін біз Қазақстан спортшыларының Азия чемпионатындағы жарқын жеңістері туралы жазған едік.