5 мың орындық арена: Ақтөбеде ірі спорт кешені салынып жатыр

1274
Мәдина Есенова Редактор
Фотосурет: UKIMET

Ақтөбеде ірі спорт кешені бой көтереді. Құрылыс пен жабдықтауға 18,8 млрд теңге бөлінді. Жаңа нысанда халықаралық жарыстар өткізуге арналған арена, олимпиадалық бассейн және арнайы жаттығу залдары орналасады, деп хабарлайды DKNews.kz.

«Халық құрылысы» бағдарламасы аясында жүзеге асырылатын жоба Инфрақұрылымды дамыту қоры есебінен қаржыландырылады. Спорт кешені Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын орындау мақсатында салынып жатыр.

«Строить, и еще раз строить»: 18,8 млрд теңге выделено на строительство универсального спорткомплекса на 5 тыс. мест в Ақтөбе

Ақтөбе облысында спорт нысандары неге жеткіліксіз?

Бүгінде Ақтөбе облысында 770 спорт нысаны жұмыс істейді. Алайда олар тұрғындардың спорт инфрақұрылымына деген қажеттілігінің 73,2 пайызын ғана қамтамасыз етіп отыр.

Соңғы үш жылда өңірде 31 жаңа спорт кешені пайдалануға берілген. Соған қарамастан, қолданыстағы нысандарға түсетін жүктеме әлі де жоғары. Бұл тұрғындарға арналған жаттығу бағдарламаларын кеңейтуге кедергі келтіріп отыр.

Жалпы аумағы 31 мың шаршы метрден асатын жаңа кешен осы тапшылықты азайтуға мүмкіндік береді. Құрылыс барысында отандық құрылыс материалдары пайдаланылады.

«Строить, и еще раз строить»: 18,8 млрд теңге выделено на строительство универсального спорткомплекса на 5 тыс. мест в Ақтөбе

5 мың орындық арена және олимпиадалық бассейн

Жаңа спорт кешені кәсіби спортшыларды даярлауға да, қала тұрғындарының тұрақты түрде спортпен шұғылдануына да бейімделеді.

Жобада мынадай спорт нысандары қарастырылған:

  • халықаралық, республикалық және облыстық жарыстар өткізуге арналған 5 мың орындық басты арена;
  • олимпиадалық стандартқа сай 50 метрлік жүзу бассейні;
  • спорттық және көркем гимнастика залдары;
  • баскетбол, волейбол және футзал залдары;
  • йога мен пилатеске арналған сауықтыру залдары.

Бөлінген 18,8 млрд теңгеге кәсіби спорт жабдықтарын сатып алу шығындары да енгізілген. Спортшыларды даярлауға отандық және шетелдік жаттықтырушыларды тарту жоспарланып отыр.

«Строить, и еще раз строить»: 18,8 млрд теңге выделено на строительство универсального спорткомплекса на 5 тыс. мест в Ақтөбе

Кешен ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға қолжетімді болады

Жобада кедергісіз орта қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінген.

Ерекше қажеттіліктері бар және жүріп-тұруы шектеулі азаматтар көрермендер трибунасына, бассейнге, жаттығу залдарына және киім ауыстыратын бөлмелерге кедергісіз кіре алады.

Ғимараттың кіреберістері мен оған іргелес аумақ та қолжетімділік талаптарына сай жабдықталады.

«Строить, и еще раз строить»: 18,8 млрд теңге выделено на строительство универсального спорткомплекса на 5 тыс. мест в Ақтөбе

Ақтөбедегі жаңа спорт кешені қашан ашылады?

Спорт кешенін 2028 жылдың ақпан айында пайдалануға беру жоспарланған.

Жаңа нысан өңірдің гимнастика залдары мен олимпиадалық бассейнге деген қажеттілігін қамтамасыз етіп, қаладағы спорт нысандарының тәуліктік өткізу мүмкіндігін арттырады. Балалар мен жастардың тұрақты түрде спортпен айналысуына да жағдай жасалады.

Жыл басынан бері Қазақстан бойынша 188 спорт кешенінің құрылысы жүргізілген. Оның 69-ы іске асырылды, соның ішінде 51 нысан ауылдық жерлерде ашылды. Жыл соңына дейін елімізде тағы 52 спорт ғимаратын пайдалануға беру көзделіп отыр.

Бұған дейін біз «Халықтық құрылыс» бағдарламасы аясында Қазақстан өңірлерінде жаңа спорт нысандарын салу жоспарлары туралы жазған едік.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -