Қытайдың өнеркәсіп өндірісінің өсімі тамызда тұрақты болды

28735

Биылғы жылдың тамызында Қытайдың өнеркәсіптік өндірісінің өсуі тұрақты болып қала берді, ал жоғары технологиялық өндіріс секторының өсуі қарқынды болды, бұны сәрсенбіде жарияланған ресми деректер көрсетті.

Өндірістік қызмет пен экономикалық өркендеудің негізгі көрсеткіші болып табылатын қосылған құны бар өнеркәсіптік өнім тамызда жылдық есептеу бойнша 5,3 пайызға өсті, деп хабарлайды Қытайдың Ұлттық статистика бюросы (NBS).

 NBS мәліметтері бойынша, бұл көрсеткіш 2019 жылдың тамыз айындағы деңгейден 11.2 пайызға жоғары, нәтижесінде соңғы екі жылдағы орташа өсім 5,4 пайызды құрады.

 Алғашқы сегіз айда өнеркәсіптік өндіріс көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,1 пайызға өсті, нәтижесінде орташа екі жылдық өсім 6,6 пайызға жетті.

 Меншік нысандарын бөліп көрсеткенде, жеке сектордан өндірілген өнім өткен айда 5,2 пайызға өсті, ал мемлекеттік кәсіпорындардың шығарылымы 4,6 пайызға өсті.

 NBS деректері бойынша, өңдеуші өнеркәсіп көлемі тамыз айында өткен жылмен салыстырғанда 5,5 пайызға өсті, ал тау-кен қазу өндірісі 2,5 пайызға өсті.

 NBS өкілі Фу Линхуэй баспасөз конференциясында айтуынша, COVID-19 эпидемиясына қарамастан, шілде мен тамызда елде әлі де өнеркәсіптік және технологиялық жаңарту байқалды.  Ол жоғары технологиялық өндіріс секторы қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.

Xinhua Silk Road - Belt and Road Portal, China

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -