Huawei зерттеулер мен әзірлеулерге арналған шығындарды арттырады

21285

Қытай телекоммуникация алыбы Huawei компаниясының 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында зерттеу мен әзірлеу жұмыстарына жұмсаған жалпы шығыны 79,063 млрд юань болды, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 6,205 млрд юаньға көп.

Компанияның сейсенбі күні Shanghai Clearing House-тің сайтында жарияланған жарты жылдық есебіне сәйкес, қаңтар-маусым айларында компанияның операциялық түсімі 298,68 млрд юаньді құрады, ал өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі түсім 317,286 млрд юань болды.

Осы кезеңдегі Huawei-дің таза пайдасы 2021 жылдың сәйкес кезеңіндегі 31,264 млрд юаньмен салыстырғанда  14,629 млрд юаньға жетті.

Xinhua Silk Road - Belt and Road Portal, China 

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -