Жарияланған дүниежүзілік университеттер рейтингіне сәйкес, әлемнің үздік 100 университетінің қатарына кіретін құрлықтық Қытай университеттерінің саны өткен жылғы алтыдан жетіге дейін өсті.
Олардың ішінде Цинхуа университеті мен Бейжің университеті сәйкесінше 16 және 17-орынға ие болды, ал қалған бесеуі - Фудань университеті, Шанхайлық Цзяо Тун университеті, Чжэцзян университеті, Қытай ғылым және технология университеті және Нанкин университеті, деп хабарлайды Times Higher Education (THE). Батыс университеттері бұрынғысынша жоғары рейтингте үстемдік етіп тұрса да, биылғы жылы әлемдегі ең үздік екі орында Оксфорд университеті мен Гарвард университеті тұр, ал Кембридж университеті мен Стэнфорд университеті үшінші орында тұр, Шығыс Азия мен Таяу Шығыс елдері қарқын алуда, дейді Evening Standart газетінде THE ақпараттық технологиялар бойынша бас маманы Фил Бэти.
THE World University Rankings 2023 рейтингі 104 ел мен аймақтан 1799 университетті қамтиды, бұл оны ең ірі және әртүрлі университет рейтингтерінің бірі етеді. Онда университет қызметінің бес негізгі аспектілері бағаланды: оқыту, зерттеулер, дәйексөз алу, халықаралық перспективалар және салалық кіріс.