Қытайда коммерциялық көліктер сатылымы 18,3%-ға өсті

15147
Фотосурет: Xinhua

Қытайдағы коммерциялық көліктердің сатылымы осы жылдың алғашқы үш тоқсанында жылдық есептеуде 18,3 пайызға артып,  шамамен 2,94 миллион дананы құрады, деп көрсетеді сала деректері.

Қытай автоөндірушілер қауымдастығының мәліметтері бойынша, ішкі нарықтағы коммерциялық көліктердің сатылымы осы кезеңде жылдық есептеуде 15,9 пайызға өсіп, 2,39 миллион данаға жетті.

Осы кезеңде 549 мың коммерциялық көлік экспортталды, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 30,2 пайызға көп. Атап айтқанда, алғашқы үш тоқсанда автобус пен жүк көлігінің сатылымы жылдық есептеуде сәйкесінше 22,4 және 17,8 пайызға өсті.

Тек қыркүйек айында Қытайда коммерциялық көлік сатылымы 371 мың дананы құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 33,2 пайызға жоғары, деп көрсетеді деректер.

Xinhua Silk Road - Belt and Road Portal, China

 

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -