ҚХР құрылғанына 75 жыл толуына орай құттықтаулар

4763
Фотосурет: CFP

Жақында бірқатар шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың басшылары мен партия жетекшілері ҚХР құрылғанына 75 жыл толуына орай ҚХР төрағасы, Қытай Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің бас хатшысы Си Цзиньпинге құттықтау жолдаухаттары мен хаттарын жолдады.

Конго Республикасының Президенті Денис Сассу-Нгессо өз елінің Қытаймен ынтымақтастықты тереңдету үшін бар күш-жігерін жұмсайтынын және екіжақты байланыстардың одан әрі дамуына ықпал ететінін айтты.

Кения президенті Уильям Руто Қытайдың Африка елдері үшін маңызды даму серіктесі екенін және Кенияның Қытаймен жан-жақты стратегиялық серіктестікті тереңдетіп, екі халыққа пайда әкеліп, ортақ гүлденуге қол жеткізуге дайын екенін айтты.

Замбия президенті Хакаинде Хичилема Қытай халқының бірлігі мен қажырлы еңбегінің арқасында үлкен жетістіктерге қол жеткізіп, Замбия Қытаймен әртүрлі салалардағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге және ортақ болашағы бар бұдан да үйлесімді және гүлденген қоғам құруға дайын екенін атап өтті.

Қытай адамзат даму тарихында ұлы ғажайып жасап, қытай халқы қытай үлгісіндегі жаңғыру арқылы қуатты мемлекет құру және ұлттық жандану ісін толығымен ілгерілетуде, басқа дамушы елдерге үлгі көрсетуде, деді Орталық Африка Республикасының президенті Фостин-Арханж Туадера.

Либерия президенті Джозеф Боакай Си Цзиньпиннің «Ешкім де, ешбір ел жаңғыру жолында артта қалмауы керек» деген сөзін жоғары бағалайтынын айтты.  Ол сондай-ақ өз елінің Қытаймен ынтымақтастықты нығайтуға асыға күтетінін атап өтті.

Сондай-ақ Шығыс Тимор Демократиялық Республикасының президенті Жозе Рамуш-Орта, Португалия президенті Марселу Ребелу де Соуза, Словакия президенті Петер Пеллегрини, Румыния президенті Клаус Йоханнис, Болгария президенті Румен Радев, Науру президенті  Дэвид Адеанг, Жапония императоры Нарухито, Корея Республикасының президенті Юн Сок Ёол, Палестина президенті Махмуд Аббас, Түркия ррезиденті Реджеп Тайып Ердоған, Израиль президенті Ицхак Герцог, Испания королі Филипп VI, Бельгия королі Филипп, Швеция королі Карл XVI Густаф, Эстония президенті Алар Карис, Панама президенті Хосе Рауль Мулино, Сауд Арабиясының   мұрагер ханзадасы және премьер-министрі Мұхаммед бен Салман Әл Сауд, «Единая Россия» партиясының төрағасы Дмитрий Медведев, Беларусь Коммунистік партиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы Алексей Сокол, Африка одағы Комиссиясының төрағасы Муса Факи Махамат және Шанхай ынтымақтастық ұйымының бас хатшысы Чжан Мин және т.б. құттықтау жолдаухаттары мен хаттарын жолдады.

Xinhua Silk Road - Belt and Road Portal, China

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -