Бейсенбіде жарияланған сауалнама нәтижелері бойынша, Қытайдағы шетелдік капиталдың қатысуымен кәсіпорындардың 90 пайыздан астамы елдің іскерлік ахуалына қанағаттанған.
Осы жылдың үшінші тоқсанында шетелдік капиталдың қатысуымен 400-ден астам компания арасында жүргізілген сауалнама да респонденттердің 50 пайызға жуығы Қытай нарығын тартымды деп санайтынын көрсетіп отыр, деп мәлімдеді Қытайдың халықаралық саудаға жәрдемдесу комитетінің ресми өкілі Сунь Сяо.
Оның айтуынша, сауалнамаға қатысқан америкалық компаниялардың 60 пайыздан астамы Қытай нарығының тартымдылығы артып келе жатқанын айтты. Бұл көрсеткіш осы жылдың екінші тоқсанымен салыстырғанда 15,26 пайыздық тармаққа өсті. Сунь Сяо атап өткендей,сауалнамаға қатысқан шетелдік капиталы бар компаниялардың 20 пайызға жуығы Қытайдағы инвестициясын ұлғайтуды жоспарлап отыр, бұл екінші тоқсанмен салыстырғанда 2,07 пайыздық тармаққа артық.
Сауалнама нәтижелері бойынша, шетелдік капиталы бар компаниялардың шамамен 54,76 пайызы өндіріс желілерін кеңейту немесе цифрлық трансформацияны жүзеге асыру арқылы Қытайға инвестицияларды ұлғайтуды жөн көреді.