Hon Hai Technology Group (Foxconn) корпорациясы Хэнань провинциясындағы /Орталық Қытай/ Чжэнчжоу қаласында орналасқан өзінің Foxconn New Energy Battery бөлімшесіне біртіндеп 600 млн юань (шамамен 83,48 млн АҚШ доллары) инвестициялайтынын хабарлады.
Капитал салу оның Чжэнчжоудағы еншілес компаниясы HongFuJin Precision Electronics арқылы жүзеге асырылады, ол бірінші траншты Foxconn Innovation Industry Development Group-қа жібереді, содан кейін соңғысы қаражатты өзінің Чжэнчжоудағы электрмобиль аккумуляторы бөлімшесіне жібереді, деп хабарлады аталған тайвань корпорациясы сейсенбіде Синьхуа агенттігіне.
Foxconn хабарлағандай, бастапқы салынатын қаражат 350 млн юаньді құрайды.