Шыңжаң педагогикалық университетінде Орталық Азия елдерінің педагогтарына арналған семинар ашылды, деп хабарлайды Xinhua агенттігі осы университеттің сайтына сілтеме жасап.
Семинарға Орталық Азия елдерінен 30 мұғалім қатысты. Ашылу рәсімінде сөз алған тәжікстандық оқытушы Ситора Хисориева сандық және зияткерлік технологиялардың соңғы жетістіктерін педагогикалық тәжірибеде қолданудың әдіс-тәсілдерін меңгеруге мүдделі екенін айтты.
Бұл Жаһандық мұғалімдер біліктілігін арттыру институтының Орталық Азиядағы филиалында өткізіліп отырған алғашқы шара. Бұл семинарды өткізу туралы Қытай-Орталық Азия білім министрлерінің 1-ші кеңесінде жарияланды. Семинар қатысушылардың жасанды интеллект (ЖИ) технологияларын түсіну және қолдану қабілетін арттыруға, цифрлық және интеллектуалды технологиялар мен педагогиканың терең интеграциясына ықпал етуге арналған.
Сол күні Бейжің педагогикалық университетінің профессоры Сун Цзихуа семинарда «Жасанды интеллект дәуірі және халықаралық білім мен оқыту» атты дәріс оқыды. 1978 жылы негізі қаланған Шыңжаң педагогикалық университеті Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының орталығы Үрімші қаласында орналасқан. Ол бүгінге дейін Қырғызстан мен Тәжікстанда үш Конфуций институтының ашылуына ықпал етті.