Қытай Халық-азаттық армиясының Оңтүстік аймақтық қолбасшылығы жексенбі мен дүйсенбі аралығында Оңтүстік Қытай теңізінің аумақтық сулары мен әуе кеңістігінде жауынгерлік дайындық режимінде патрульдеу жүргізді, деп хабарлайды Xinhua.
Қолбасшылық өкілі Чжай Шичэнь Филиппиннің аймақтан тыс елдерді «бірлескен патрульдеу» өткізуге тартуы өңірдегі бейбітшілік пен тұрақтылыққа кері әсер еткенін мәлімдеді.
Қытай әскери күштері елдің аумақтық егемендігі мен теңіздегі құқықтары мен мүдделерін қорғауды жалғастыратынын және өңірлік тұрақтылықты берік қолдайтынын атап өтті.