Биылғы жылдың 1 маусымынан бастап Қытайға азық-түлік экспорттайтын шетелдік өндірушілерді тіркеудің жаңа ережелері күшіне енеді. Бұл туралы Қытайдың Бас кеден басқармасы хабарлады, деп хабарлайды Xinhua.
Жаңартылған ережелерге сәйкес, Бас кеден басқармасы тіркеуді талап ететін импортталатын азық-түлік өнімдерінің тізімін, тіркеу мерзімі автоматты түрде ұзартылмайтын өнімдер тізімін, сондай-ақ тіркеуден өтуі тиіс шетелдік азық-түлік сақтау кәсіпорындарының тізімін анықтайды.
Бұл шешімдер шикізат көздері, өндіріс және өңдеу технологиялары, азық-түлік қауіпсіздігі туралы деректер, тұтынушылардың мақсатты топтары мен тұтыну тәсілдері сияқты факторларды бағалау негізінде және халықаралық тәжірибеге сәйкес қабылданады.
Тіркеу мерзімі 5 жылды құрайды және ережелер сақталған жағдайда автоматты түрде тағы 5 жылға ұзартылатын болады.