Қытай елдің солтүстік-батысындағы Цзюцюань ғарыш айлағынан жаңа сынақ спутнигін ғарышқа сәтті ұшырды, деп хабарлайды Xinhua.
«Шиянь-33» (Shiyan-33) спутнигі Бейжің уақыты бойынша сағат 12:11-де «Чанчжэн-2С» (Long March-2C) зымыран тасығышының көмегімен «Юаньчжэн-1S» (Expedition-1S) жоғарғы сатысымен бірге ұшырылып, белгіленген орбитаға сәтті шығарылды.
Бұл ұшыру «Чанчжэн» («Ұлы жорық») зымыран тасығыштары сериясы үшін 635-ші миссия болды.
Xinhua Silk Road - Belt and Road Portal, China