Қытайда әлемдегі алғашқы птерозаврлар мұражайы ашылды

682
Фотосурет: Синьхуа

Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында толығымен птерозаврларға — жойылып кеткен ұшатын бауырымен жорғалаушыларға арналған әлемдегі алғашқы ғылыми мұражай ашылды. Жаңа мұражай осы ежелгі жануарлардың қазба қалдықтары табылған орындарымен танымал Хами ұлттық геопаркінде орналасқан.

Мұражайдың көрме алаңы шамамен 4,6 мың шаршы метрді құрайды. Экспозициялық кеңістік шахмат тәртібімен орналасқан сопақ пішінді алты залға бөлінген.

Ғимарат сәулеті де птерозаврлар тақырыбымен үндеседі: биіктен қарағанда мұражай Хамидің шөлді ландшафтының ортасында жатқан птерозавр жұмыртқаларының ұясына ұқсайды.

Xinhua Silk Road - Belt and Road Portal, China

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Как разместить агитационные материалы политическим партиям на DKNews.kz

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -